Жаңалықтар

Қызылордадағы NIS-те өткен тимбилдинг «Туған елге тағзым» қатысушылары мен журналистердің басын қосты


Қазақстан журналистикасы күніне орай республикалық медиа-марафон аясында Қызылордадағы NIS-те БАҚ өкілдері мен «Туған елге тағзым» қатысушылары тимбилдингке жиналды.

– Бұл шара маған ерекше әсер қалдырды. Тапсырмалар жеңіл көрінгенімен тобымызды ширатты. Бос қауашақтардан қамал тұрғызып, шеңбердің ішінен өтіп, қиындықтарды бірге еңсердік. Бірге ән салып, би билеп, бір сәт жұмыстан қол үзіп, ойымыз да, бойымыз да сергіп қалды, – дейді «Сыр бойы» облыстық газетінің тілшісі Гүлбану Мақажан.

Тимбилдинг концерттік бағдарламамен жалғасты. Мектеп директоры Бахыт Жұматай бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін атап өтіп, журналистерге NIS қызметін ақпараттық қолдаудағы белсенді әрі табысты еңбегі үшін алғыс хаттар табыс етті. Олардың қатарында «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев, «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің меншікті тілшісі Әділжан Үмбетов, «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының өкілдері Нұрлан Жақыпбеков пен Әділбек Жақанов, «Тengrinews» ақпараттық порталының корреспонденті Айнагүл Манабаева, «Литер» республикалық газетінің меншікті тілшісі Наталья Черней, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас редакторы Айнұр Тұңғышбаева, «Сыр бойы» облыстық газетінің тілшілері Шынар Бекбан, Гүлбану Мақажан, Айсәуле Қарапаева, «Kyzylorda news» ақпараттық агенттігінің тілшісі Динара Маханова, «Кызылординские вести» газетінің тілшілері Алибек Байшуленов, Майя Аденова, Марина Скорнякова, «Ақмешіт жастары» облыстық газеті тілшісі Ерасыл Шәрібек, «Ақмешіт апталығы» қалалық газетінің тілшісі Айтолқын Айтжанова, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бағдарламалар бөлімінің редакторы Аяжан Қайратқызы, «Қоғам ТВ» телеарнасының редакторы Олжас Дауыт.

Білім ордасымен біраз уақыттан бері ынтымақтастық орнатып, бір жыл ішінде NIS-тің оқушылары мен түлектерінің бірегей жетістіктері туралы 20-дан астам ауқымды материал жазған «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадинова «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың Алғыс хатын алды. Арнайы сыйлықтар өңірлік коммуникациялар қызметінің бөлім басшысы Гүлнұр Бүркітбаеваға, облыстық қоғамдық даму басқармасы БАҚ пен интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы Салтанат Шаханова және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің баспасөз хатшысы Әсел Абзалға берілді.

 

 

 



Қаралым: 136
Жарияланған: 28 Маусым