Жаңалықтар

«Туған елге тағзым-2022»: Көкшетаудағы NIS-те кіші отанның бірегей көрікті жерлерін зерттеді


Көкшетаудағы NIS оқушылары экспедиция барысында қаланың ескерткіштері мен көрікті жерлерін тамашалады, Қопа көлінің жағасында серуендеп, Бұқпа шоқысына көтерілді. Сондай-ақ олар Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайға, Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатына, әдебиет және өнер мұражайына, Достық үйіне, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне, Красный Яр ауылындағы Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер мектебіне барды.

Жас зерттеушілер «Көкшетау минералды сулары» АҚ және «Гормолзавод» өнеркәсіп орындарын аралады.

Қазақстан журналистикасы күні қарсаңында БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистерге өздерін қызықтырған сауалдарды жолдап, мазмұнды кеш өткізді.

Есте қаларлық сапарлардың бірі – Щучинск-Бурабай курорттық аймағына саяхат. Олар экспедицияның екінші күнін «Ботай-Бурабай» мұражайынан бастады. Кейін Иманай бұлағында, Абылайхан алаңында, Үлкен Шабақты көлінде, «Бурабай» мұражайы мен хайуанаттар бағына аттанды. Бөлектау тауын бағындырған оқушылар ғылыми жорықтан жақсы көңіл-күй мен ұмытылмас әсер алды.

 



Қаралым: 127
Жарияланған: 27 Маусым