Жаңалықтар

«Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу қорытындысы


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылынан бастап Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарында оқыту үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындайтын конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша хабарлайды:

Конкурсқа 6-сынып оқушыларынан 20045 үміткер қатысты. «Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша шектік деңгейден 10452 үміткер өтті.

Білім беру гранты 2728 үміткерге берілді, оның ішінде қазақ тілінде оқитын оқушылар саны – 1616 (67 сынып), орыс тілінде – 1112 (46 сынып). Резервтік тізімге 7724 үміткер тіркелді.

Гранттарды мектептер арасында бөлгенде бірнеше факторлар ескеріледі, олардың ішінде оқу жылының соңындағы оқушылардың саны ескерілген мектептің жобалық қуаты, оқыту тілдеріне сәйкес кешенді тестілеу қорытындыларының балдары, өңірлерде қазақ және орыс тілдерінде оқитын 6-сынып оқушыларының арақатынасы бар (Ұлттық білім беру жүйесінің деректеріне сәйкес – ҰБДҚ).

 



Қаралым: 81
Жарияланған: 22 Маусым