Талдықорғандағы Зияткерлік мектеп оқушыларына домбыра оркестрінің жетекшісі Самат Жексембаев ақсақ құлан туралы таңғажайып аңызды баяндап берді. Атақты «Ақсақ құлан» күйін 11-сынып оқушысы Айбол Жеңіснұр орындады. 7-сынып оқушысы Кәрима Мақанның ақсақ құлан туралы аңызының тереңдігін санаулы минуттарда жеткізе білген суреті сабақтың қызықты сәтіне айналды.
– Домбыра сабағы бұл музыкалық аспаптың ежелден қазақ халқының бай рухани тарихы мен салт-дәстүрінің символы болғанын және болып қала беретінін тағы да еске салды, – деп 7-сынып оқушысы Анель Ардақова өз әсерімен бөлісті.