Жаңалықтар

NIS: Қазағымның әдебиеті


Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында ауқымды «Қазағымның әдебиеті» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиетіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Танымал жазушылар, ақындар, драматургтер, ғалымдар мен педагогтер қазіргі мектепте жеке тұлғаны тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты сақтау, оқу мәдениетін қалыптастыру, жаһандану және цифрлық технологиялар дәуірінде кітап оқуды насихаттау туралы көптеген сұрақтарға талдау жасады.

Дөңгелек үстел туралы толық ақпарат NIS-тің барлық интернет-платформаларында жарияланады.



Қаралым: 173
Жарияланған: 12 Мамыр