«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми байқауда төрт бірінші орын, екі екінші және үш үшінші орынды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ командасы жеңіп алды.
«Зымыран техникасы және инфраструктура», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және моделдеу», «Экология және ғарыш қызметі», «Әлемдік эволюциядағы астрофизика», «Күн жүйесі» секцияларында бес жеке және бес командалық жоба ұсынылды.
Бірінші орын
Виктор Кахно –– Талдықорғандағы NIS
Георгий Шатов –– Қарағандыдағы NIS
Мағжан Серікбеков, Диас Маратов – Семейдегі NIS (командалық жоба)
Екінші орын
Алина Пархомчук, Қуаныш Сарсикеев – Павлодардағы NIS (командалық жоба)
Үшінші орын
Аружин Хайрат – Қарағандыдағы NIS
Жанель Аскат, Лейла Сидорова – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS (командалық жоба).