Жаңалықтар

NIS Серік Ақшолақовты жаңа марапатымен құттықтайды


Жыл соңында Мәскеу қаласынан NIS-пен ұзақ жылдар бойы дос болып келе жатқан қазақстандық нейрохирург Серік Ақшолақовтың беделді марапатқа ие болғаны туралы қуанышты хабар келді. 
 
Серік Қуандықұлы «Нейрохирургияның жаңа бағыттары мен жедел емдеу әдістерін» енгізгені үшін ресейлік Христофор Леденцов сыйлығының лауреаты атанды.
 
Ресей Федерациясында Христофор Леденцовтың ұлттық сыйлығы ғылым және технология жылындағы басты оқиғалардың бірі болды. Сыйлық инновациялық шешімдердегі ерекше жетістіктер үшін беріліп, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, ғылым мен технологияларды ілгерілетудегі қайырымдылық және инвестициялық қызметті кеңейтуге бағытталған.
 
Шара барысында халықаралық деңгейде танылған алты ғалым марапатталды. Қазақстанды «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Қуандықұлы Ақшолақов таныстырды, оның кәсіби еңбек жолында көптеген жетістіктер мен регалиялар бар – академик, Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері».
 
Леденцов атындағы сыйлық алғашқы ғылымды қолдау қорларының бірін құрған атақты ресейлік меценаттың 180 жылдығына орай биыл бірінші рет берілді. Христофор Леденцовты «эксперименттік ғылымдардың жетістігін және олардың практикалық қолданылуын» насихаттауды өсиет еткен «ресейлік Нобель» деп атайды.


Қаралым: 988
Жарияланған: 29 Желтоқсан