Баспасөз-қызметі
Зияткерлік мектеп оқушысы беделді IJSO олимпиадасынан күміс жүлде алды
Бухарест қаласында өткен XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) өз мәресіне жетті. Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сынады.
Қазақстан құрамасының намысын алты оқушы қорғады. Олар 100% нәтиже көрсетіп, 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Жүлдегерлер қатарында Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айзере Жеңісханова да бар. Ол күміс медаль иегері атанды.
IJSO – 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында өтетін беделді халықаралық ғылыми сайыс. 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл олимпиадада Қазақстан оқушылары жыл сайын жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. 2023 жылы Бангкокта өткен сайыста қазақстандық барлық алты қатысушы да жүлдегер атанған болатын.