
Баспасөз-қызметі
NIS-те жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
Елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 10–12-сынып оқушылары арасында алғаш рет өткізілген жасанды интеллект бойынша желілік олимпиада сәтті аяқталды. Жарыс дәстүрлі «Наурыз кездесулері» аясында ұйымдастырылды.
Олимпиадаға 150-ден астам NIS оқушысы қатысты. Болашақ IT мамандары екі күн бойы күрделі тапсырмаларды орындап, жасанды интеллект саласындағы білімдері мен дағдыларын шыңдады.
NIS Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин бұл шараның оқушылардың болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, оның білім мен технология саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашатынын ерекше атап өтті:
– Өткен жылы алғаш рет Хакатон ұйымдастырып, оқушыларымыздың ерекше дарыны мен шығармашылық әлеуетін байқадық. Бұл шара идеялар алмасуға және инновациялық шешімдер ұсынуға арналған тамаша алаң болды. Ал бүгінгі олимпиада – шәкірттеріміздің жасанды интеллект саласындағы білімі мен дағдыларын тереңдетуге, осы бағыттағы озық технологияларды игеруге мүмкіндік берген тағы бір маңызды қадам.
Олимпиада аясында шәкірттер Назарбаев Университетінің ISSAI институты мен Astana IT University-ге танымдық сапар жасады, сондай-ақ The Chinese University of Hong Kong және Mohamed Bin Zayed University of Artificial Intelligence сияқты халықаралық университеттер өкілдерінің кәсіби бағдар беру бойынша онлайн дәрістеріне қатысты.
Бұдан бөлек, олимпиадада NIS түлектері де спикер ретінде сөз сөйлеп, өз тәжірибелерін бөлісті. Олардың қатарында Қазақстан Ұлттық банкінің бас аналитигі Сандуғаш Ертаева, танымал Threads компаниясының бағдарламашысы Нұрпейіс Баймұқан және олимпиада тапсырмаларын әзірлеуші Даниил Огнёв болды.
Олимпиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Назарбаев Университетінің ISSAI институты жазғы тағылымдама ұсынса, Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Astana IT University білім гранттарын тағайындады. Ал AI-Academy жасанды интеллект бойынша курстарға тегін оқу мүмкіндігін сыйлады.
Оқушыларға гранттарды ISSAI NU бас менеджері Ғибрат Құрманов, ҚБТУ лекторы және PhD студенті Асылжан Ізбасар, сондай-ақ Astana IT University деканының орынбасары Ерболат Қалпаков табыстады.
1-орын иегерлері:
Жәнібек Қасымқан ¬– Талдықорғандағы NIS
Марат Хусаинов – Оралдағы NIS
Расул Елеуов – Ақтөбедегі NIS
Александр Ершов – Қостанайдағы NIS
Әлемжан Ахметжанов – Cемейдегі NIS
Нұрбатыр Төлеген – Петропавлдағы NIS
Данияр Садвакасов – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Сұлтанби Исатай – Қарағандыдағы NIS
Әлихан Әкім – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS
Асанали Серікбек – Павлодардағы NIS
Диас Жұматаев – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Әкежан Асқар – Cемейдегі NIS
Әлихан Шерияздан – Павлодардағы NIS
Ақансері Қайырбай – Ақтаудағы NIS
Сұлтанбек Сары – Ақтаудағы NIS
2-орын иегерлері:
Санжар Сарыев – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS
Дәурен Жунусов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS
Әмірхан Айдархан – Тараздағы NIS
Даниал Искаков – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Адиль Сейдазымов – Оралдағы NIS
Батыр Ерденов – Қарағандыдағы NIS
Дулат Сәлімжан – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS
Альмансур Раимханов – Павлодардағы NIS
Жасын Егнай – Павлодардағы NIS
Олжас Мусалимов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS
Еларыс Ертайұлы – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Арнелла Төлеген – Қарағандыдағы NIS
Арман Әубәкір – Павлодардағы NIS
Азамат Жолжан – Ақтаудағы NIS
Ақылжан Сайланбай – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS
Керей Бердышев – Ақтөбедегі NIS
Даулет Салтыбаев – Талдықорғандағы NIS
3-орын иегерлері:
Жан Тауфик – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Нұрасыл Әбен – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS
Айым Сабыр – Талдықорғандағы NIS
Амирхан Курмангазин – Ақтөбедегі NIS
Исламнур Хусаинов – Тараздағы NIS
Артем Лаврентьев – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS
Нұрбек Тайжанов – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS
Джафар Мажитов – Ақтөбедегі NIS
Дамир Камалов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS
Нурмухаммед Булатұлы – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS
Абылайхан Манап – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS
Нәби Ахан – Ақтөбедегі NIS
Шайхислам Асқанбай – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS
Исатай Алимбетов – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS
Арсен Ғалымжан – Петропавлдағы NIS
Дәулетбек Әлім – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Жақан Қайсар – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS
Алихан Аралбаев – Талдықорғандағы NIS
Тимур Иманов – Петропавлдағы NIS
Арман Қали – Павлодардағы NIS
Асанхан Алижан – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Дмитрий Горжанов – Қостанайдағы NIS
Ринат Аманқос – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS
Улугбек Османов – Тараздағы NIS
Рамазан Асанханұлы– Тараздағы NIS
Алихан Бағланов – Ақтөбедегі NIS
Алдияр Жатакбаев – Талдықорғандағы NIS
Есения Жумагатова – Астанадағы NIS IB
Айдана Марденова – Қостанайдағы NIS
Асанали Суханкулов – Павлодардағы NIS
Даниял Алданов – Павлодардағы NIS
Бурхан Абдбілмінн – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS
Султан Миндуллин – Павлодардағы NIS
Айша Жолдасбаева – Оралдағы NIS
Алиаскар Жилкибаев – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Нұрасыл Құрманғали– Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS
Назарбаев Университетінің ISSAI институтынан жазғы тағылымдама:
Жәнібек Қасымқан ¬– Талдықорғандағы NIS
Расул Елеуов – Ақтөбедегі NIS
Александр Ершов – Қостанайдағы NIS
Қазақстан-Британ техникалық университетінен білім гранты:
Марат Хусаинов – Оралдағы NIS
Әлемжан Ахметжанов – Cемейдегі NIS
Даниал Искаков – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Альмансур Раимханов – Павлодардағы NIS
Жасын Егнай – Павлодардағы NIS
Astana IT University-ден білім гранты:
Ақансері Қайырбай – Ақтаудағы NIS
Әмірхан Айдархан – Тараздағы NIS
Адиль Сейдазымов – Оралдағы NIS
AI-Academy-дан онлайн-курс:
Нұрбатыр Төлеген – Петропавлдағы NIS
Данияр Садвакасов – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Сұлтанби Исатай – Қарағандыдағы NIS
Әлихан Әкім – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS
Асанали Серікбек – Павлодардағы NIS
Диас Жұматаев – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Әкежан Асқар – Cемейдегі NIS
Әлихан Шерияздан – Павлодардағы NIS
Сұлтанбек Сары – Ақтаудағы NIS