Баспасөз-қызметі
АҚШ-та NIS оқушысы Халықаралық олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды
АҚШ-та NIS оқушысы Халықаралық олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды
Copernicus олимпиадасы әйгілі Шырмауық лигасының құрамындағы Колумбия университетінде өтті. Байқауға әлемнің 51 елінен 2000 қатысушы қатысты. 9-сынып оқушысы Әлмактум Асқар білім сайысында екінші орын алып, елімізге күміс медаль сыйлады.
Сонымен қатар Әлмактум олимпиаданың салтанатты жабылуына дейін өткен таланттар шоуында фортепианода ойнап, әсерлі қойылымы үшін І орынға ие болды.
Осылайша, математикадан ғана емес, музыкадан да хабары бар екенін көрсетті. Copernicus олимпиадасы математикаға деген қызығушылықты дамытуға және қатысушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған.