NIS оқушылары Жолдасбеков атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары атанды

Астанада 11–12-сынып оқушылары арасында математика және механика бағыттары бойынша У. Жолдасбеков атындағы XV мерейтойлық халықаралық зерттеу жобалары байқауы өтті. Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Дархан Каракулов пен Қостанай қаласындағы NIS оқушысы Мадияр Хасанов бірінші орынға ие болды.

Байқауға Тәжікстан, Беларусь, Ресей және Қазақстаннан 100-ден астам жас зерттеуші қатысты. Оқушылар өз жобаларын математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша ұсынды.

Жобаларды бағалауды еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 12 ғалым-оқытушысы жүргізді. Жұмыстар ғылыми мәселенің өзектілігі және оны тұжырымдау, қолданылған әдістер мен әдіснаманың нақтылығы, талдау тереңдігі және нәтижелерді интерпретациялау, практикалық қолданылуы мен жаңашылдығы, сондай-ақ жобаны таныстыру және қорғау сапасы бойынша сарапталды.