
Баспасөз-қызметі
NIS оқушылары химия және информатикадан республикалық олимпиадада 17 медаль алды
Ақтау қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында химия және информатика пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 307 оқушы қатысты. Дәстүрлі форматта ұйымдастырылған білім додасы теориялық және практикалық кезеңнен тұрды. Нәтижесінде 136 жеңімпаз анықталды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 6 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль иеленіп, жалпы саны 17 жүлдеге қол жеткізді.
Алтын медаль иегерлері:
Айзере Жеңісханова – Өскемендегі NIS оқушысы, химия
Әбілмансұр Қали – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы, химия
Еңлік Батырбекова – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS оқушысы, химия
Кирилл Ким – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы, химия
Абылай Қабдулхадыр – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы, химия
Асқар Әкежан – Семейдегі NIS оқушысы, информатика
Күміс медаль иегерлері:
Тамила Рахимбаева – Павлодардағы NIS оқушысы, химия
Аян Алтай – Ақтөбедегі NIS оқушысы, химия
Олжас Мусалимов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы, информатика
Егнай Жасын – Павлодардағы NIS оқушысы, информатика
Қола медаль иегерлері:
Камила Сағидолда – Өскемендегі NIS оқушысы, химия
Таир Жанабаев – Көкшетаудағы NIS оқушысы, химия
Нұрбол Бахтигулов – Ақтаудағы NIS оқушысы, химия
Арнұр Нұрғазин – Семейдегі NIS оқушысы, информатика
Ерасыл Жасұланов – Талдықорғандағы NIS оқушысы, информатика
Азамат Жолжан – Ақтаудағы NIS оқушысы, информатика
Сұлтанби Асланұлы – Ақтөбедегі NIS оқушысы, информатика
Айта кетейік, олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Маңғыстау облысы Білім басқармасы және «Каспий дарыны» орталығының қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.