
Баспасөз-қызметі
NIS қоржыны 5 күміс және 6 қола жүлдемен толықты
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында NIS оқушылары тағы да жарқын жетістіктерімен қуантты. Зияткерлік мектептердің шәкірттері екі беделді халықаралық білім додасы – Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы және «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында жоғары нәтижелер көрсетті.
Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Эльдар Усенов күміс медаль иеленді. Ал «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасында бірнеше оқушы күміс жүлдегер атанды. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары – Әли Еркебұланұлы, Санжар Ержанов, Ильясгиждуани Егеубаев және Қостанайдағы NIS оқушысы Игорь Сапрыкин.
Сонымен қатар бірнеше оқушы қола медаль иегері атанды. Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында қола жүлдені Ақтаудағы NIS оқушысы Дамир Нұрланов, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ильясгиждуани Егеубаев және Қостанайдағы NIS оқушысы Игорь Сапрыкин иеленді. Ал «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасында қола жүлдені Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Мұхаммадсолих Абдуғафаров пен Эльдар Усенов, сондай-ақ Ақтаудағы NIS оқушысы Дамир Нұрланов еншіледі.
Әлемнің 40-тан астам елінің жас математиктері бас қосқан бұл беделді олимпиадалар қатысушылардан терең білім мен логикалық ойлауды талап етті. NIS оқушыларының жоғары нәтижелері мектептердегі сапалы дайындық пен жүйелі еңбектің жемісі екенін тағы бір мәрте көрсетті.