Ауысуға өтініш

Ауыстыру туралы өтініш


Құрметті ата-аналар! 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) 2022 жылғы 1 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат  00.00-ден бастап Зияткерлік мектептердің 8-сыныбына оқушыларды ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау жүзеге асырылатынын хабарлайды.

COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында өтініштерді қабылдау тек  info@nis.edu.kz электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Оқушының ауысуы туралы өтінішті оның заңды өкілі бекітілген нысан бойынша (өтініш  -   жүктеу) береді.

Өтініштер 2022 жылғы 1 маусымда сағат 09.00-ден бастап қарастырылады және берілген күні мен уақытын ескере отырып тіркеледі.

Байланыс телефондары: 8-7172-23-57-90.

Ауыстыру туралы өтініш  - жүктеу


Қаралым: 3682
Жарияланған: 19 Мамыр