Хабарландырулар

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 10-сынып оқушылары арасында өтіп жатқан байқауының екінші кезеңінің нәтижелері белгілі болды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 10-сынып оқушылары арасында Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжіне (UWCSEA) 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарында 11-12 сынып оқушыларына берілген білім алу гранттары бойынша өтіп жатқан байқауының екінші кезеңінің нәтижелері белгілі болды.

Ресми хабарлама

Соңғы кезде оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін қабылдау емтихандарына дайындауға қатысты кейбір білім беру қызметтерін ұсынып жүрген ұйымдар мен жеке тұлғалардың өз сайттарында және жарнамалық материалдарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми логотипін заңсыз қолдану, сондай-ақ дайындық тесттік тапсырмалар жинағын шығару оқиғалары жиі кездесуде.