Хабарландырулар

Хабарландыру!


 Құрметті ата-аналар!

 

2021-2022 оқу жылында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасы шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері жанындағы жатақханалардың қызметі туралы Ереже (11.06.2020ж., хаттама №23), 2021 жылғы 6 тамыз №40 хаттама шешіміне сәйкес енгізілген өзгерістерімен бірге (ары қарай - Ереже),  Түркістан қаласындағы «химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» жанындағы жатақханадан орын берілуі үшін ата-аналардың өтініштері мен тиісті құжаттар 2021 жылдың 24-26 қараша аралығында қабылданатынын ескертеміз. Құжаттар сағат 09:00-дан бастап 18:00-ге дейін қабылданады.

 Жатақханадан орынға үміткер оқушының заңды өкілінің өтініші Зияткерлік мектеп директорының атына жазбаша түрде сәйкес формада ұсынылады.

Өтініштің 1-ші үлгісін осында жүктеп аласыз

Өтініштің 2-ші үлгісін осында жүктеп аласыз

Өтініш берген кезде оқушының заңды өкілі өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді: 

1) туу туралы куәліктің көшірмесі, ЖСН көрсетілген туу туралы куәлікке қосымша беттің көшірмесі және оқушының жеке куәлігінің көшірмесі;

2) оқушының заңды өкілдерінің жеке куәлігінің көшірмесі;

3) egov.kz электрондық үкімет порталынан оқушының және оның заңды өкілдерінің тіркелген мекенжайы бойынша деректер (скриншот). Өтініш берілген күні сол мекенжай бойынша тіркелгеніне кемінде 1 (бір) жыл уақыт өтуі керек. Бұл талап басқа қалалар мен ауылдарда тұратын оқушыға және оның заңды өкілдеріне қатысты.

Басқа жағдайларда (мекенжай бойынша тіркелгеніне 1 жылдан кем болған жағдайда) төмендегі құжаттарды ұсынады:

- жұмысы ауысып, басқа жерге жақын арада көшкен жағдайдаміндетті түрде жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама;

- басқа да отбасылық жағдайларға байланысты басқа жерге көшкен жағдайда egov.kz электрондық үкімет порталының деректер базасынан растайтын құжаттар немесе білім алушының және оның заңды өкілдерінің нақты тұрғылықты жері көрсетілген кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

4) оқушының заңды өкілдерінің жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама немесе ата-ананың (баланың заңды өкілінің) жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын өңірдің, елді мекеннің жергілікті атқарушы органның анықтамасы;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен соңғы 6 ай ішінде берілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат;

6) егер оқушы көп балалы отбасынан шыққан болса, басқа кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі және кәмелетке толған балаларына күндізгі оқу формасында оқитыны туралы оқу орнынан анықтама;

7) егер оқушы немесе оқушының заңды өкілдері І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер болып табылса, заңнамада белгіленген форма бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

8) аз қамтылған азаматтар үшін – өтініш беруші және оның отбасы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатынын растайтын анықтама;

9) ішкі істер органдары, жергілікті атқарушы органдар беретін, өтініш берушінің және оның отбасының қолайсыз отбасы ретінде есепке алынғанын растайтын анықтама (болған жағдайда);

10) егер оқушы толық емес отбасынан шыққан жағдайда, оқушының ата-анасының біреуінің жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмесі (қайтыс болғаны туралы, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі, № 4 нысан).

 

Назар аударыңыз!!! Барлық құжаттар түгел ұсынылған жағдайда ғана өтініш тіркеу журналына тіркеледі!!!

Комиссия отырысының қорытынды шешімі мектеп сайтында жарияланады.

 


Қаралым: 407
Жарияланған: 25 Қараша