Хабарландырулар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсу үшін байқау тесті


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы жалпы білім беру мекемелері мен Зияткерлік мектептер оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсу үшін дайындау мақсатында ақылы түрде байқау тестінің өткізілуін хабарлайды

Байқау тестіне қатысу бағасы 3 000 теңге.

Байқау тесті 4 пән бойынша өткізіледі және 180 минут уақыт бөлінеді:

1)      математика – 60 минут;

2)      қазақ тілі – 40 минут;

3)      орыс тілі – 40 минут;

4)      ағылшын тілі – 40 минут.

Байқау тестінің өткізілу күндері және тіркелу уақыты, төлем жасау және байқау тестінің нәтижелерін білу туралы ақпарат http://www.nis.edu.kz сайтындағы «Үміткерлерге», «Байқау тесті» тармақшасындағы онлайн тіркелу порталында көрсетілген.

Байқау тестіне тіркелу онлайн тіркелу порталы арқылы жүзеге асады. Байқау тестіне тіркелу тәртібі:

·      Онлайн тіркелу порталында қатысушының заңды өкілінің тіркелуі (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші және т.б.);

·      Байқау тестіне қатысушының тіркелуі;

·      Байқау тестінің күнін, өткізілетін орнын таңдау;

·      Байқау тестіне қатысу туралы келісімшарттың (оферта) шарттарымен танысу және келісу (акцепт);

·      Байқау тестінің төлемін онлайн немесе Қазақстан Республикасы банктерінің филиалдары мен бөлімшелері арқылы жүзеге асыру;

·      Қатысушының байқау тестіне сәтті тіркелгені туралы хабарлама алу;

·      Байқау тестіне қатысушының рұқсатнамасын басып шығару.

Заңды өкіл/қатысушы байқау тестіне қатысудан байқау тестінің өткізілуне 5 (бес) жұмыс күн бұрын бас тартуына болады.

Байқау тестінің өткізілу шарты мен тәртібі, қатысушыларды тіркеу, қатысу төлемақысын төлеу тәртібі және қатысушылардың байқау тесті кезінде өзін-өзі ұстау ережесі бойынша толық ақпаратты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін байқау тестін өткізу бойынша ережесінде көрсетілген.

 


Қаралым: 15071
Жарияланған: 26 Желтоқсан