Құрметті Назарбаев Зияткерлік мектептері мен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 9-12 сынып оқушылары!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9-12 сынып оқушылары арасында «ЭКСПО-2017 қарсаңындағы Қазақстан (Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады)» тақырыбында “Discover Kazakhstan” ағылшын тіліндегі үздік эсселер байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты: Қазақстанды және оның жетістіктерін әлемдік қауымдастыққа таныту, оқушылардың сана деңгейін және азаматтық позициясын анықтау, елге және келешекке құрмет қалыптастыру болып табылады.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ең үздік эссе жинақтарымен марапатталады.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды мына тәртіпте анықтайды:
Бас жүлде – бір номинация
Бірінші орын – бір номинация
Екінші орын – екі номинация
Үшінші орын – үш номинация
Үздік шығармалар «Discover Kazakhstan» жинағына енеді.
Конкурстың шарттары мен тәртiбi
Байқауға қатысушылар Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9-12 сынып оқушылары.
Байқаудың нәтижесінде қазылар алқасы жеңіспаздарды анықтайды.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексеру барысында байқауға қатысушылардың тәуелсіз ойлау қабілеттерін, көзқарастарын, жүйелілігін, айқын дәлелдердердің болуын, сауаттылығын, тілдің байлығын, сөздердің дәлдігін, мәнерлілігін, жетімділігін, стилистикасые, сөздердің нормативтік пайдалануын, дұрыс фразалық құрылысын, логикалық-композициялық құрылымын, дәлелділігін, бейнелігін, эмоциясын, тақырыпқа бейресми жағынан қарай алатындығын қарастырады.
Жұмыстар өңдеуден өтпейді және қайтарылмайды.
Конкурс құрылтайшысы авторлардың ескертуінсіз өтемақысыз толық немесе ішінара кез келген байқау жұмыстарды басып шығара алады, жұмыстарды ғылыми-зерттеу мақсатында қолдана алады, сондай-ақ өтінімде көрсетілген мекен-жайға диплом/ сертификатты, ең үздік шығармалар жинағын жібере алады.
«Discover Kazakshtan» байқауын өткізу Ережесі http://www.nis.edu.kz/kz/projects/discover-kz/regul-dis/ сайтында орналасқан.
Байқаудың мерзімдері
1 қыркүйек 2016 жыл – байқау жұмыстарды қабылдаудың басталуы.
1 қараша 2016 жыл - байқау жұмыстарды қабылдаудың аяқталуы.
10-11 қараша 2016 жыл - қазылар алқасының отырысы.
Жеңімпаздарды марапаттау аймақтың Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2016 жылдың 12 желтоқсанында өтеді. Жеңімпаз марапаттау рәсімінде қатыспаған жағдайда конкурс құрылтайшысы диплом/сертификатты, ең үздік шығармалар жинағын өтінімде көрсетілген мекен-жайға жібере алады.
Байқау нәтижелері 2016 жылдың 20 қарашасынан кешіктірілмей www.nis.edu.kz сайтында жарияланады.
1 қарашадан кейін тапсырылған байқау жұмыстары байғауға жіберілмейді.
Байқау жұмыстарды dk@nis.edu.kz электронды адресіне 2016 жылдың 1 қарашасына дейін жіберуі қажет.
Сіздерден біздің еліміз туралы бірегей және қайталанбас эсселер күтеміз!