Мұғалімдердің кәсіби дамуы

ТӘЖІРИБЕ ТАРАТУ: БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ


ТӘЖІРИБЕ ТАРАТУ: БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ қызметінің басымдықты стратегиялық бағыттарының бірі Зияткерлік мектептердің жинақтаған тәжірибесін еліміздің білім беру жүйесіне тарату болып табылады.

Зияткерлік мектептердің тәжірибесін тарату еліміздің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, педагогикалық ЖОО-лардың студенттерін оқыту, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен мұғалімдері үшін онлайн сабақтар мен семинарлар өткізу, инновациялық тәсілдемелерді және халықаралық тәжірибені зерттеу және енгізу бойынша жыл сайын халықаралық конференцияларды, оқыту семинарларын,  оқытудың интерактивті және активті әдістері мен амалдары жөніндегі мастер-кластарды ұйымдастыру және өткізу  арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы білім беретін 30 мектепте орта білім берудің жаңа мазмұнын және бастауыш білім берудің жаңа МЖМБС жобасын пилоттық енгізуге дайындалу бойынша үлкен дайындық алды жұмыстар қолға алынды.

Жалпы жұмыс үш бағытта жүргізілуде:

1)    мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды оқыту;

2)    озық педагогикалық тәжірибемен алмасу;

3)    орта білім берудің мазмұнын жаңарту.

1.       БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін ескере отырып, есепті кезеңде еліміздің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Біліктілікті арттыру Педагогикалық шеберлік орталығының (бұдан әрі – ПШО) негізінде мына бағдарламалар бойынша өткізілді:

1)      ДБҰ мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары (бұдан әрі – деңгейлік бағдарламалар);

2)      ДБҰ мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан әрі – басшылар  бағдарламасы);

3)      Орта білім берудің мазмұнын жағарту аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен оған қарасты ведомствалық ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы;

4)      PISA Халықаралық зерттеуін жүргізу шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы;

5)      Педагогикалық мамандықтар бойынша соңғы курс студенттері мен ЖОО-лардың профессорлық-оқытушылар құрамы үшін қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы;

6)       Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Мектепте қақтығыстар мен күйзелістерді басқару» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы.

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша еліміздегі жалпы білім беретін мектептерден 5104 мұғалім оқытылды. Қосымша 400 жаттықтырушы дайындалды (үшінші (базалық) деңгей бойынша – 180, екінші (негізгі) деңгей бойынша – 149 және бірінші (ілгері)деңгей бойынша – 71).

      Бірінші, екінші және үшінші деңгейлі бағдарламалар бойынша О. Жәутіков атындағы республикалық арнайы мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернатынан 40 мұғалім оқытылды.

      Деңгейлік бағдарламаларға және мектеп басшыларының бағдарламаларына оқу-әдістемелік материалдардың электрондық нұсқалары курстарды тыңдаушылардың еркін қол жеткізуі үшін ПШО сайтының білім беру порталында жарияланады.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бойынша 1248 мектеп басшысын курстардан өткізу жоспарланған. Оның ішінде, жалпы білім беретін ұйымдардың 583 басшысы оқытылды, 665 адам оқуды жалғастыруда.

      Орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен оған қарасты ведомствалық ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған бағдарлама мен оқу материалдары әзірленіп, еліміздің білім басқармалары орталық органдарының басшыларын әлемдегі заманауи білім берудің даму үрдістерімен, Қазақстандағы орта білімнің мазмұнын жаңарту мәселелері бойынша олардың тиімді басқарымдық шешімдерді қабылдауына көмектесу үшін осы бағыттағы озық тәжірибемен және дағдылармен таныстыруға жіберілді. Барлығы 302 қызметкер оқытылды.

PISA Халықаралық зерттеуін жүргізу шеңберінде оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша жаттықтырушыларды оқыту курстары

      PISA Халықаралық зерттеу шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жаттықтырушыларды оқытуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалар әзірленді. Барлығы ПШО-да ДБҰ, ПШО, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ (бұдан әрі «Өрлеу» ҰБАО» АҚ) қызметкерлері қатарынан 115 жаттықтырушы оқытылды.

PISA-2015 халықаралық зерттеуге қатысуға даярлау мақсатында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдерін оқытуды «Өрлеу» ҰБАО» АҚ жаттықтырушылары жүзеге асырады.

      ЖОО-лардың педагогикалық мамандықтарының соңғы курсындағы студенттерді қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курстары

      Педагог мамандарды даярлауды жүзеге асыратын ҚР ЖОО-ларға әдістемелік және сабағаттық көмек көрсету шеңберінде 3 бағдарлама әзірленді: педагог мамандарды даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-лардың соңғы курсындағы студенттерді қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша оқыту; деңгейлік бағдарламалардың негізінде жасалған ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру (арнаулы курс); педагог мамандарды даярлайтын ҚР ЖОО-ларының 4 курс студенттеріне арналған қосымша кәсіптік білім беру. Есепті кезеңде Қорқыт Ата ат.Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогикалық мамандықтар түлектерінен құралған 25 тыңдаушыға арнап 160 академиялық сағат көлемінде  сабақтар өткізілді. Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша «Мектептің білім беру үдерісі жағдайында қақтығыстар мен күйзелістерді басқару" тақырыбындағы курстар шеңберінде 32 педагогикалық қызметкер оқытылды.

Педагог қызметкерлерді курстан кейінгі қолдау

      Біліктілікті арттыру  үдерісінде төмендегідей бағыттарда жүзеге асырылатын педагог қызметкерлерді курстан кейінгі қолдау аса маңызды рөл атқарады:

·     білім беру ұйымы мұғалімдерінің және ұжымының өзара желілік әрекеттестігінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін жасау;

·     мұғалімдердің білімі мен дағдыларын әрі қарай жетілдіру және олардың мектеп тәжірибесін жақсарту жөніндегі қызметін жандандыру;

·     мұғалімдердің проблемаларына және қазақстандық мектептердің жаңа қажеттіліктеріне икемді әрекет ету;

·     қазақстандық мектептерде оқытудың табыстылығына және оқушылардың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында  бағдарламалардың негізгі идеяларын енгізудің нәтижелілігін курстан кейінгі мониторингілеуді ұйымдастыру және өткізу.

Бұл мақсатта ПШО әдістемелік кітапханалар, білім беру порталы, ПШО электрондық әдістемелік жинақ, желілік қоғамдастық, блоктар, форумдар, вебинарлар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және конференциялар пайдаланылады.

Мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету үшін 804 мектепке барып, 2210 мұғалімнің 1001 сабағына қатысып, деңгейлік бағдарламалар бойынша оқыған мұғалімдер үшін 157 тақырыптық семинар мен мектеп басшылары үшін 77 оқыту семинары өткізілді. 

Тәлімгерлік

         2014 жылы тәлімгерлік қызметтер алғаш рет еліміздің 10 қаласындағы «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалдарының жаттықтырушыларына көрсетілді. Барлығы деңгейлік бағдарламалардың шеңберінде ПШО және «Өрлеу» ҰБАО» АҚ-ның 132 жаттықтырушысына тәлімгерлік қызметтер көрсетілді. Сондай-ақ, біліктілікті арттыру курстарының шеңберінде басшыларға арналған бағдарлама бойынша 6 жұп тәлімгер Астана және Алматы қалаларындағы ПШО-ның 16 жаттықтырушысына тәлімкерлік жасады.

Басшыларға арналған бағдарлама бойынша оқыған директорлардың барлығы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің пленарлық және секциялық мәжілістерінде тәжірибелерімен бөлісті.

Зерттеуге алынған мектептердің 88 пайызы (іріктеме көлемі – 674 мектеп) ҰБТ бойынша жоғары нәтижелер көрсетуде.

         Орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде 15 бағыт бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу басталды: орта білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын бастауыш сынып оқушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы, бастауыш пән мұғалімдері үшін «Қазақ тілі» пәні бойынша (L1): 5-11 сыныптар, «Орыс тілі» (L1): 5-11 сыныптар, «Қазақ тілі» (L2): 1-11 сыныптар,  «Орыс тілі» (L2): 1-11 сыныптар, «Ағылшын тілі»: 1-11 сыныптар; мектептерде критериалды бағалауды енгізу бойынша тілдік пәндер мұғалімдері үшін; Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде информатика пәні мұғалімдері үшін; критериалды бағалауды енгізу бойынша «Информатика» және «АКТ» пәндері бойынша; оқушылардың (6-9 сыныптар) жобалау қызметін ұйымдастыру бойынша жаратылыстану-математикалық цикл пән мұғалімдері үшін; критериалды бағалауды енгізу шеңберінде (6-9 сыныптар) «Жобалау қызметі» пәні бойынша жаратылыстану-математикалық цикл пән мұғалімдері үшін; «Жаһандық перспективалар мен жобалау қызметі» (10-11 сыныптар) пәні бойынша; критериалды бағалауды енгізу бойынша «Жаһандық перспективалар мен жобалау қызметі» (10-11 сыныптар) пәні бойынша; сондай-ақ Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары үшін.

2.       ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН АЛМАСУ

Озық педагогикалық тәжірибемен алмасу мақсатында есепті кезеңде мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:

·        «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналды шығару;

·        Әдістемелік әдебиетті шығару;

·        Мастер-кластар;

·        Электрондық әдістемелік жинақ;

·        Біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыру барысы туралы бейнефильмдер;

·        Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестік;

·        Желілік қоғамдастыққа қолдау;

·        Онлайн сабақтар және семинарлар;

·        Халықаралық конференция.

ПШО Кембридж университетінің Білім беру факультетімен ынтымақтастықта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сериялық басылымдарды тіркеу бойынша ISSN Халықаралық орталығында (ЮНЕСКО, Франция, Париж қ.) 2013 жылдың 28 маусымында ISSN 2308-7868 нөмірімен тіркелген «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАЛОГ» ақпараттық-әдістемелік журналын шығарады.  

Барлығы 2014 жылы 8 мың дана тиражбен орта білім берудің мазмұнын жаңартудың, оқыту мен педагогика әдістемесінің өзекті мәселелеріне арналған журналдың 4 саны шығарылды.

№1. Тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»;

№2. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау»;

№3.Білім берудегі басқару және көшбасшылық»

№4. ДБҰ-ның «Білім беру саясаты және тәжірибе мен зерттеу» VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жұмысының қортындыларына арналды.

«Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік кітапханасы» шеңберінде әдістемелік ресурстық қолдау ретінде келесі бағыттар бойынша 54 әдістемелік құрал басып шығарылды:  

1.       Халықаралық тәжірибе;

2.       Деңгейлік бағдарламалар модульдерін іске асырудың теориялық-әдістемелік негіздері;

3.       Біліктілікті арттырудың деңгейлік бағдарламаларын іске асыруға арналған практикалық нұсқаулар;

4.       Республиканың жалпы білім беретін ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыруға арналған практикалық нұсқаулар;

5.       Мастер-кластар;

6.       Мониторингілік зерттеулер;

7.       Курстарды тыңдаушылардың эсселер жинақтары;

8.       Біліктілікті арттыру курстарының материалдары.

      ПШО филиалдары деңгейлік курстарды қолдау бойынша жүйелі түрде мастер-кластар өткізіп тұрады. Осы ретте, 2014 жылы «критериялық бағалау жүйесі», «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту», «Дарынды оқушылармен жұмыс», «Оқытудың жаңа әдістері», «Оқытуда АКТ қолдану» бағыттары бойынша 200-ден аса мастер-класс өткізілді.

ПШО-ның сайтында Зияткерлік мектептердің мұғалімдері мен деңгейлік курстар шеңберінде оқудан өткен мұғалімдер сабақтарының үздік әдістемелік зерттемелерін қамтитын  http://www.cpm.kz электрондық әдістемелік жинақ үнемі толықтырылып тұрады.

Зерттемелерде гуманитарлық (тіл және әдебиет, тарих, психология, өнер, дүниетану және т.б.) және математикалық циклдер пәндерін, жаратылыстану ғылымдары оқу пәндерін (химия, физика, биология) қамтиды.  Барлығы 194 зерттелім орналастырылған, олар ПШО сайтында пәндер бойынша құрылымдалған және еліміздің барлық мұғалімдері үшін қолжетімді.

Еліміздің педагогикалық қоғамдастығы арасында біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту үдерісін түсіндіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды, аймақтық  және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде мақалалар жарияланып тұрады.

Медиа-статистикалық талдау нәтижелері бойынша, 341 мақаланың жарияланғандығы анықталды, оның ішінде 7 – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, 334 аймақтық БАҚ-ларда басылып шыққан.

Біліктілікті арттыру курстарын тыңдаушылардың желілік қоғамдастығын қолдау және біліктілікті арттыру курстарын тиімді іске асыру үшін сайт толықтай жетілдірілді және жаңартылды.

      Курстарды тыңдаушыларға қосымша көмек ретінде деңгейлік бағдарламалардың және басшыларға арналған бағдарламалардың ұғымдары мен деңгейлерінің электрондық глосарийі жасалды. Глосарий қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.

2014 жылдың қыркүйегінде ПШО Майкрософт Қазақстан компаниясымен бірлесіп, жаттықтырушылар құрамының АКТ-сауаттылығын арттыру мақсатында жаттықтырушылар үшін бірінші вебинар өткізді. Олар Майкрософт компаниясының «Технологиялардың көмегімен оқыту» тегін онлайн курсымен танысты.

2014 жылы тіркелген портал пайдаланушыларының жалпы саны – 39 000 болса, порталға кірулер саны – 331 077 құрады. 8 000 дана «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналының 4 нөмірі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шықты.

ПШО кітапханасына әдістемелік ресурстық қолдау көрсету ретінде 54 әдістемелік құрал шығарылды.  

      Мұғалімдерге арналған 194 зерттелім электрондық әдістемелік жинақты толықтырды, 2 бейнефильм (5 бейнеролик) жасалды.

2013-2014 оқу жылы 480 онлайн сабақ өткізілді. Онлайн сабақтардың мазмұны негізгі және жоғары мектеп оқушылары үшін оқушылардың математикадан, физикадан, химиядан, биологиядан, ағылшын тілінен және информатикадан білімдерін, икемдерін және дағдыларын кеңейту және тереңдетуге бағытталған.

      Онлайн сабақтарды трансляциялау Eluminate Live бағдарламалық жасақтаманың негізіндегі ҚР БҒМ-ның ELP (elp.kz) порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Сондай-ақ, онлайн сабақтар шынайы уақытта (1.sabak.kz) сайтында трансляцияланады.  Онлайн сабақтарының материалдары ДБҰ-ның сайтында орналастырылған.

      Мұғалімдер жасаған оқу бейнероликтері мен бейнефильмдер youtube.com  порталының NIS for You арнасында орналастырылады.

      Онлайн семинарларының мазмұны жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін критериялық бағалау жүйесіне оқытуға бағытталған және оларды Зияткерлік мектептердің мұғалімдері аптасына 1 рет математика, физика, информатика, химия, биология, ғылымға кіріспе, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаһандық перспективалар және жобалау жұмысы, өнер пәндері бойынша өткізеді.

      Бүгінге дейін 48 онлайн семинар өткізілді. Сабақтар мен семинарлардың барлық материалдары (бейнеүзінділер, тәжірибелер, таныстырылымдар) порталда орналастырылған, ҚР мектептерінің мұғалімдері онлайн режимде Зияткерлік мектептердің мұғалімдерінен әдістемелік және сабағаттық қолдау алу мүмкіндігіне ие.

2014 жылдың қазан айында орта білім берудің мазмұнын жаңарту, білім беру тәжірибесіне үштілдік оқытуды енгізу, мұғалімдердің ынтамақтастығы, 21 ғасыр мектептерін жаңаша басқару, оқу материалдарын әзірлеу, мектептерді халықаралық аккредиттеу, PISA зерттеулерінде оқушылардың функционалды сауаттылығын бағалау мәселелерін кеңінен талқылау мақсатында «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды

Халықаралық конференцияға Қазақстаннан, Франциядан, Армениядан, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Нидерландыдан, Жапониядан және Ресейден 500-ден аса адам қатысты. Олардың қатарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің стратегиялық серіктестері – Назарбаев Университеті, Кембридж университеті, Кембридждің Халықаралық емтихан кеңесі, Cito педагогикалық өлшемдер институты, Джон Хопкинс CTY университетінің талантты жастар орталығы, Халықаралық Бакалавриат бар.

 
 
 
 

Қаралым: 37175
Жарияланған: 20 Сәуір