Онлайн сабақтар, семинарлар

Онлайн сабақтар мен онлайн семинарлар


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған «Оn-line  сабақтар және on-line  семинарлар өткізу» жобасын жүзеге асыруда. 

Қазіргі уақытта «Оn-line  сабақ және on-line  семинарлар өткізу» жобасы онлайн сабақтар мен онлайн семинарлар өткізу, еліміздегі орта білім мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған білім алуға қажетті  бейнеклиптер, бейнефильмдер дайындаумен шұғылданады және Зияткерлік мектептердің Кіріктірілген білім беру бағдарламалары мен оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың Кіріктірілген моделін жүзеге асыру тәжірибесін таратуға бағытталған.

Онлайн сабақтардың, білім алуға қажетті бейнеклиптердің басты мақсаты: білім алушылардың оқуға ықыласын арттырып, алған білімге қатысты оқушының белсенділігін, шығармашылығы мен  сыни көзқарасын дамыту, жаратылыстану-математика бағыттарындағы пәндерді оқу барысында өз бетінше білім алып, алған білімді өмірде қажет жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру және тіл білімдерін игеруде ауызша, жазбаша тіл байлығын жетілдіріп, оны білу және өз ойын тиянақты жеткізу құралы ретінде қолдануға үйрету.     

Онлайн сабақтар барысында мұғалімдер сценарийлері Кіріктірілген білім беру бағдарламаларының талаптары мен оқу қызметін ұйымдастырудағы  инновациялық педагогикалық тәсілдерге сай  құрылған Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен оқушыларының оқуға қатысты бейнеклиптері мен бейнефильмдерін пайдаланады. Оқу материалдары мен бейнеклиптер youtube.com. порталының NIS for You каналына орналастырылады.  

Орта мектеп мұғалімдеріне арналған онлайн семинарлар Зияткерлік мектептердегі  оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың Кіріктірілген моделін әзірлеу және жүзеге асыру тәжірибесін таратуға бағытталған, яғни теориялық негіз бен критериалды бағалау әдістемесін, әр түрлі сыныптарда түрлі пәндер бойынша оқу бағдарламасының нақты бөлімдерін оқу барысында қалыптастырушы және жиынтық бағалау тәжірибесін тарату көзделген.

«Оn-line  сабақтар және on-line  семинарлар өткізу» жобасын инновациялық білім беру бағдарламасын таратудың бір әдісі, оқу ресурсы, оқыту және оқушыларға  білім беру әдістемесі деп ғана қарамай, сонымен қатар Зияткерлік мектептердің инновациялық әлеуетіне сүйене отырып, орта мектептер үшін дәстүрлі тәсілдерден оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын ұтымды модельге көшуін қолдаудың бірден-бір жолы деп қарау керек.

 Он-лайн сабақтар мен он-лайн семинарлар орналастыруға арналған платформасы Http://moodle.nis.edu.kz/ бойынша орналасқан
 

Қаралым: 26609
Жарияланған: 17 Сәуір