«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы ACADEMIA.kz Педагогикалық шеберліктің виртуалды лабораториясымен бірлесе отырып «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін қалай дайындалу керек және өз мүмкіндіктеріңді бағалау» онлайн-курсын жүзеге асырып, іске қосады.
Онлайн-курстың мақсаты – оқушыларды Зияткерлік мектептерге түсу үшін құжат қабылдау шарттары және талаптарымен, тапсырмалардың құрылымы және мазмұнымен, емтиханға дайындалу жолдарымен таныстыру.
Онлайн-курс аясында математика, сандық сипаттамалар, жаратылыстану, тілдік пәндер бойынша (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) тапсырмалардың үлгілері мен оларды талдау қарастырылады.
Сонымен қатар онлайн-курс тыңдаушылары 7-сыныптарға оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау сынағынан өте алады. Байқау сынағының нәтижесі бойынша оқушыға тапсырманы орындау барысында қиындық туғызған оқу бағдарламасының бөлімдері мен мақсаты көрсетілетін кері байланыс беріледі.
Осы онлайн-курстан өту үміткерге оқытудың тиімділігін арттыруға, Зияткерлік мектепке түсу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі.
Онлайн-курс WWW.ACADEMIA.KZ онлайн платформасында қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Онлайн-курс қолданушылары оны кез келген уақытта, кез келген жерде қосып, тыңдай алады. Онлайн-курстың бағасы – 23 000 теңге.