2022 жылғы 20 қазан күні Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Бірінші вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызының төрағалығымен 2022-2023 оқу жылынан бастап Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларындағы физика-математикалық бағыттағы және Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Шымкент қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алатын резервтік тізімдердегі үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.
Жоғарыда аталған Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде 186 оқушы 7-сыныптарда білім алуға «Өркен» білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде 137-і қазақ тілінде, 49-ы орыс тілінде білім алуға үміткерлер.
1. 7 сыныпта білім алуға үміткердің жеке статусын көру үшін https://res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.
Үміткердің статусын көру |
2. 7 сыныптарда білім алуға үміткерлердің тізімін көру үшін https://res.nis.edu.kz сайтында «Барлық нәтижелер» батырмасына басу қажет. Одан әрі мектебін, оқыту тілін және Республикалық комиссияның хаттамасын таңдауы қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.
Тізімнің бірінші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен «Өркен» білім беру гранты тағайындалған үміткерлердің тізімі көрсетілген. Тізімнің екінші бөлігінде резервке енгізілген үміткерлердің кезегі ұсынылған.