2022 жылғы 12 тамыз күні Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Бірінші вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызының төрағалығымен 2022-2023 оқу жылынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларындағы физика-математикалық бағыттағы және Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Шымкент қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алатын резервтік тізімдердегі үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.
Жоғарыда аталған Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде 56 оқушы 7-сыныптарда білім алу үшін «Өркен» білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде 38-і қазақ тілінде, 18-і орыс тілінде білім алуға үміткерлер.
1. 7 сыныпта білім алуғаүміткердіңжекестатусынкөруүшін https://res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.
2. 7 сыныптарда білім алуғаүміткерлердіңтізімін көруүшін https://res.nis.edu.kz сайтында «Барлық нәтижелер» батырмасына басу қажет. Одан әрі мектебін, оқыту тілін және Республикалық комиссияның хаттамасын таңдауы қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.
Тізімнің бірінші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен «Өркен»білімберугрантытағайындалған үміткерлердің тізімі көрсетілген. Тізімнің екінші бөлігінде резервке енгізілген үміткерлердің кезегі ұсынылған.