Хабарландырулар

Хабарландыру


 Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2021 жылғы 29 қараша мен 29 желтоқсан аралығында қажет болған жағдайда (тұрғын үйге мұқтаж директордың орынбасары тағайындалған жағдайда) Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 173 А үй, 19 пәтер мекен жайында орналасқан үш бөлмелі қызметтік тұрғын үйді 7 күн мерзімде қайтарып береді деген шартпен, Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері үшін аталмыш тұрғын үйді алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Қызметтік тұрғын үй беру Ережелерімен және қызметтік тұрғын үйді алуға тапсырыс беру үшін құжаттар тізімімен  www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы 2021 жылғы 28 желтоқсан күні 18.00 сағатқа дейін Талдықорған қаласы, Қаратал мөлтек ауданы, 47 үй, №А229 бөлме, Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мекен жайы бойынша қабылданады.  

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Астана қаласы, 31-  көше, 37 А үй, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2021 жылғы 29 желтоқсан күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

 

Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі. 1073

                                           8 (7282) 55 88 80, ішкі. 5321

 

Тұрғын үй алуға үміткерлер Тұрғын үй комиссиясы төрайымының атына өтініш және өткізетін құжаттардың келесі тізіміне сәйкес құжаттарды тұрғын үй комиссиясына өткізеді:

1.     Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі;

2.     Неке қию куәлігінің көшірмесі;

3.     Кадр қызметі берген отбасы құрамы туралы анықтаманың түп нұсқасы;

4.     Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғаларын куәлендіретін құжаттардың көшірмесі;

5.     Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.      Педагогтік шеберлік деңгейін беру туралы  құжаттың көшірмесі;

7.     Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 3 жыл аралығында тұрғын үйі бар/ жоқ туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін  анықтама;

8.     Оқу жоспарларды, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-материалдар мен құралдарды әзірлеу, қайта әзірлеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарда  қатысқанын растайтын құжат;

9.      шетел жоғарғы оқу орындарында оқуды ағылшын тілінде бітіргенін растайтын құжат;

10.    Ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттар.

 

Құжаттар мұқаба бетінде өтініш беруші туралы (аты-жөні, қызметі, құрылымдық бөлімшенің аты (филиал) ақпарат  бар қағаз скоросшивательдерде өткізілуі тиіс.

 


Қаралым: 300
Жарияланған: 03 Желтоқсан