Баспасөз-қызметі
Үш Зияткерлік мектеп CIS реаккредитациясынан сәтті өтті
Council of International Schools (CIS) Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру сапасының халықаралық стандарттарға сай келетінін тағы да растады.
Сарапшылар бір апта бойы білім беру үдерісін, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жан-жақты бағалады. CIS өкілдері мектептердің мықты тұстарына ерекше назар аударып, олардың одан әрі дамуына бағытталған құнды ұсыныстар берді.
CIS командасы бұл мектептердің өзгерістерге тез бейімделу қабілетін, сондай-ақ педагогикалық ұжымның үздіксіз даму мен білім сапасын жетілдіруге деген ұмтылысын жоғары бағалады.
Үш мектеп CIS аккредитациясынан алғаш рет 2017 және 2018 жылдары өткен болатын.
Айта кетейік, 2023–2024 жылдары аралығында 13 Зияткерлік мектеп білім берудің жоғары стандарттарына сәйкестігін қайта дәлелдеді. Қараша айында CIS өкілдері Орал қаласындағы NIS-ке де сапар жасады, оның нәтижелері желтоқсан айында белгілі болады деп күтілуде.