Біліктілікті арттыру курстар

«ТРИЗ – педагогика негіздерінің теориясы мен практикасы»


2017 жылы 24-28 сәуір аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Зияткерлік мектептерінің мұғалімдеріне арналған «ТРИЗ – педагогика негіздерінің теориясы мен практикасы» атты біліктілікті көтеру курсы өтті.

Курс тренері - «Образование для Новой Эры» халықаралық Зертхананың ғылыми жетекшісі және негізін салушы, Халықаралық ТРИЗ ассоциациасының вице-президенті, ТРИЗ және басқа да жаңа идеялардың негізінде шығармашылық ойды дамыту тәсілдері  мен әр түрлі әдіс тәсілдердің жүйесін құрастырушы Анатолий Гин болды.

Ғылыми – педагогикалық бағыт ретінде ТРИЗ-педагогикасы 80-жылдардың соңында құрылған.  Оның негізіне ойлап табатын есептерді шешу теориясы жатады.  (ТРИЗ) Г. С. Альтшуллер.

ТРИЗ-педагогикасының мақсаты алдына  әр түрлі іс әрекет аймағында күрделі мәселелерді шешуге дайын, шығармашыл және күшті ойлау қабілеті бар тұлғаны тәрбиелеу.  Оның мәселеге бағытталған оқытудан айырмашылығы  - әлемдік тәжірибелерді пайдалана отырып, жинақталған өнертапқыштық есептерді шешу тәсілдерін құрастыру. Бұл тәжірибе педагогика мақсаттарымен келісілген және қайта жасалынған.

Қатысушылар өмірлік ашық сұрақтарды шешу, креативті ойлау дағдыларын дамыту және ТРИЗ педагогикасы форматында жұмыс жасау үшін  тәжірибе мен білім алды. Әдіс тәсілдердің әмбебаптығы биология, экология, өнер, техника және бизнес саласында пайдалануға мүмкіндік береді.   

Курстың интерактивті берілуі педагогтардың үлкен қызығушылығын тудырып, қатысушылар курс тренеріне алғыс білдіріп, жаңа білімді  өздерінің кәсіби іс тәжірибесінде қолдануға дайын екендігін көрсетті.


Қаралым: 2421
Жарияланған: 18 Мамыр