Біліктілікті арттыру курстар

Робототехника олимпиадасы бойынша біліктілікті арттыру курстары


   Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасын Әлемдік робототехника бойынша олимпиадаға жоспарлы және нәтижелі дайындау, сонымен қатар робототехника мұғалімдерін робототехника бойынша олимпиадалық жарыстарға қатысуда кәсіби дайындау мен ынталандыру үшін Петропавл қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында робототехникалық олимпиада бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді. 

   Бескүндік біліктілікті арттыру курсы еліміздің барлық өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің робототехника мұғалімдері оқыған World Robot Olympiad – 2017 (әрі қарай - Ереже) ережелерінің негізінде ұйымдастырылды. 

    Курс бағдарламасы Ережедегі негізгі жоғары, орта және кіші категорияларын жан-жақты зерттеу және толық талдауға арналған болатын. Жұмыс барысында Курс тыңдаушылары жекелей және командамен жұмыстанды, роботтарды құру мен бағдарламалау бойынша практикалық тапсырмалар орындады. Әр күн қорытындысы бойынша тыңдаушылар белгілі бір категория тапсырмасын орындайтын дербес робот құрастырды. 

    Сонымен қатар, курс бағдарламасында шығармашылық және «роботтар футболы» категориялары болды. Мұнда қатысушылар өзгертілген жаңа Ережелермен танысты және «миға шабуыл» жасап, WRO олимпиадасындағы шығармашылық категориясын жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастырды.
   
    Аталмыш курстың басты ерекшелігі – курс «Теңге-тең» форматы бойынша өтті, демек робототехника мұғалімдерінің бір-бірін оқытты.

    Курс нәтижесі бойынша алған білімді пысықтау үшін қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, практикалық тапсырмалар орындады.
 

Қаралым: 1897
Жарияланған: 27 Наурыз