Біліктілікті арттыру курстар

Қауіпсіз білім беру ортасы


     Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 400-ден астам қызметкерлері «Есірткі құралдары, психотропты заттар және прекурсорлардың айналымы, сақталуы және қолдануы» тақырыбында оқудан өтті.

     Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес (79-бап 4-тармақ) қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа кіретін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер даярлықтан өтуі тиіс. 
    Курстың негізгі мақсаты – мұғалімдер мен лаборанттарды прекурсорларды қолдануда, сақтауда,тасымалдауда және жоюдағықауіпсіздік техникасына оқыту. 
    Курс шеңберінде келесі компоненттер қарастырылды:
• есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың түрлері мен қасиеттері;
• есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау;
• есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау мен жоюда қауіпсіздік техника ережелері; 
• прекурсорларды сатып алуда, тасымалдауда, есепке алу мен қолдануда қауіпсіздік техникасын бұзған үшін жауапкершілік;
• прекурсорлармен жұмыс кезінде қолданатын жеке қорғану құралдары;
• прекурсорларды есепке алу, сақтау және қолдану бойынша есеп нысандары;
• күю, жарақат және улану кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету ережелері.
    Оқу жұмыстан қол үзбей химия, биология және лабораториялық аудиторияларда жүргізілді. Дәрістерде ерекше бағыт прекурсорларды сақтау ережелеріне, есепке алу мен есептен шығару және жою мәселелеріне бөлінді. Үлкен қызығушылық теориялық білімнен басқа прекурсорларды сақтау, есептен шығару есептеріне, тіркеу және жоюмәселелеріне, прекурсорлардың физикалық және химиялық қасиеттеріне бөлінді, мұғалімдерге лабораториялық жағдайда сорып шығатын шкафтарда көрсетілді.  
Прекурсорлармен лабораториялық жұмыстарды жүргізгендебарлық жеке қорғаныш құралдары тәжірибеде көрсетілді. Сабақты жүргізу барысында  оқу техникалық құралдары қолданылды, қышқылдар мен басқа материалдардың шоғырлануы мен өлшеміне сәйкес прекурсорларға айналу үлгілері көрсетілді.
    Одан басқа, курс қатысушыларымен прекурсорларды пайдалану мен сақтауға арналған кабинеттерді рәсімдеу тәртібі талқыланды. 
    Сабақтар интерактивті режимде өтті, барлығы нормативтік-құқықтық құжаттар мен практикалық сұрақтарды талқылауға қатысты.
    Қызметкерлер сабақта жоғары белсенділік пен кәсіби даярлықты көрсетті.  Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар куәлік алды.
 

Қаралым: 1806
Жарияланған: 27 Наурыз