Шетел педагогтары

Шетел педагогтары


 Бейіндік пәндерді оқытудың халықаралық тәжірибесін енгізу, қазақстандық және халықаралық білім бағдарламаларын ықпалдастыру мақсатында әлемдік педагогикалық практикада жинақталған озық тәжірибені ескере отырып, шетелдік мұғалімдерді Зияткерлік мектептерге тарту ұйымдастырылған болатын.

2011 жылы жүзеге асырылған шетелдік педагогтарды жалдау, жаңа филиалдар ашу шетелдік педагогтарды жалдау жөнінде қосымша стратегиялық серіктестер іздеу қажеттігін көрсетті.

Компанияларды стратегиялық серіктестерге айқындаудағы басты критерийлер  мыналар болды: білім беру ұйымдарында аккредиттеу, әлем бойынша офистердің саны, жыл ішінде жұмысқа орналастырылған педагогтар саны, халықаралық серіктестік, компанияның жылдық табысы.

 2012 жылы стратегиялық серіктестермен мынадай бірлескен жұмыс ұйымдастырылды:

·      Teachanywhere – Teachanywhere жеке компаниясы персонал іріктеуге мамандандырылған, көлемі бойынша әлемде екінші холдинг болып табылатын Ранстад холдингінің құрамына кіреді. Teachanywhere компаниясы 2004 жылы ұйымдастырылды және бүкіл әлем бойынша  шетелдік педагогтарды жалдау жөнінде қызметтер ұсынады. Компанияны ISO (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым), REC (Жалдау және жұмысқа орналастыру одағы) және Investors in People (ұйым қызметін жақсартуға және жұмыс сапасын қамтамасыз етуге арналған стандарт) аккредиттеді.

Компанияның офистері әлемнің 7 елінде орналасқан (Ұлыбритания, Солтүстік Америка, Аустралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Дубай және Тайланд). Teachanywhere компаниясы 40 елде 3000-нан астам педагогты жұмысқа орналастырды. Халықаралық серіктестер арасында Білім беру жөніндегі Абу-даби кеңесі, Ұлыбритания мұғалімдерінің одағы, Ұлыбританиядағы ESOL және Etonhouse мектептері сияқты білім беру ұйымдары бар.

·      TIC – Teacher International Consultancy – Білім беру саласындағы халықаралық жеке консалтингтік компания, ол мұғалімдерге  халықаралық мектептерде лайықты жұмыс табуға көмектесу мақсатында 2005 жылы құрылған болатын.

·      Компанияның бас офисі Кардиф қ., Ұлыбританияда орналасқан. Компанияның дерекқорында 7000 шетелдік педагогтар мен директорлар тіркелген.

TIC Халықаралық мектептердің Еуропалық Кеңесінің және Таяу Шығыс британдық мектебінің, Ұлыбритания Халықаралық мектептері кеңесінің мүшесі болып табылады. Осы кезде компания Жапония, Египет, Нигерия және Катар мектептері үшін директорлар мен шетелдік  педагогтар жалдаумен айналысады.     

·      Search Associates – халықаралық қоғамдастықтағы оқу орындарының оқытушылары мен басшыларын жалдауға маманданған халықаралық жеке компания, ол 21 жылдан астам уақыт бойы 17 000 шақты әкімшіге, бастауыш және орта білім мұғалімі мен тағылымдамадан өтушісіне әлемнің халықаралық  мектептерінде жұмыс табуға көмектесті. 2011 жылы олар    2 198 кандидатқа жұмысқа орналасуға көмектесті және ең табысты  компаниялар болып отыр.

Олардың табысқа жету себебі мыналарды қамтиды, олар мұғалімдерді жұмыс берушілердің критерийлері бойынша шектемейді, керісінше, әлеуетті қызметкердің жеке қасиеттеріне көңіл бөледі және мектептер мен  кандидат мұғалімдерді қолдайды.

Мұғалімдерді іріктеу берілген онлайн сауалнамалар бойынша жүргізіледі. Педагогтардың үлкен дерекқоры бар, ол әлемнің 60 000 мектебімен ынтымақтастық жасасады. Үнемі бос орындардың халықаралық жәрмеңкесін ұйымдастырады.

·      International House – International House Belfast (Белфаст Халықаралық Үйі) – тілдік мектептердің жеке ұйымы, Халықаралық Үй Әлемдік Ұйымының мүшесі. Ұйым әлем бойынша тренинг өткізу жөніндегі ірі ұйым болып табылады. Компания 1953 жылы құрылған.

Белфаст Халықаралық Үйін әлемдік нарықта ағылшын тілін оқытуды жоғары сапалы жеткізуші ретінде Британ Кеңесі мен English UK аккредиттеген. Қазіргі уақытта ұйымның желісіне әлемнің 50 еліндегі 150 жеке тілдік мектеп кіреді. Халықаралық Үй мектептерінің желісінде 8000 мұғалім мен жаттықтырушы тіркелген.

Белфаст Халықаралық Үйі Белфаст Білім беру және Кітапхана Кеңесімен,  Солтүстік Ирландия Оқытушылар Кеңесімен, Оқу жоспарлары, емтихандар және бағалау кеңесімен, Солтүстік Ирландия Тренингі Өңірлік Орталығымен ынтымақтастық жасасады. Қазіргі кезде компания Түркия және Оманның колледждері үшін шетелдік педагогтарды жалдаумен айналысуда.

Осы ынтымақтастық 2012 жылы халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандар тобын -13 елден пән мұғалімдерін жұмысқа алуға мүмкіндік берді.

Шетелдік педагогтардың Зияткерлік мектептерде жұмысын бастауға негіз болған мынадай төрт негізгі кезеңді атап көрсетуге болады:

2012 – 2013 жылдары бос лауазымдарға үміткерлерден келіп түскен мыңға тарта сауалнама өңделді. Осының нәтижесінде мұқият іріктегеннен және әңгімелесуден кейін 165 шетелдік педагог жұмысқа қабылданды.

Барлық шетелдік педагогтардың тиісті жоғары білімі бар. Бұдан басқа, негізгі білімнен өзге шетелдік педагогтардың 50%-ға жуығының магистр дәрежесі бар, педагогтардың 25%-ы Кэмбридж Университеті, Халықаралық бакалавриат және басқалары сияқты халықаралық ұйымдардың базасындағы қосымша біліктіліктері бар, тоғыз адамның  ғылым докторы дәрежесі бар.

Шетелдік педагогтардың лауазымдық міндеттерінің шеңбері қосымша оқу және тәрбие жұмысын жүргізу есебінен айтарлықтай ұлғайтылды. SAT, IELTS емтиханын тапсыруға дайындық жүргізілуде, мұғалімдер «Ақылды тоқсандар» өткізуге белсене қатысады, «Жас маман мектебі», креативті хат клубтары, ағылшын тілінде актерлік шеберлік мектептері өткізіледі, ағылшын тілінде мектеп газеттері шығарылады және басқалары.

Бұдан басқа, жоба шеңберінде «Team teaching» жүйесі енгізілуде, онда сыныпта бір мезгілде екі педагог – қазақстандық және шетелдік, атап айтқанда, пәндерді оқытуды  оқудың бірінші және үшінші тілдерінде екі мұғалім жүргізеді. Сонымен қатар осы жоба жоғары білікті отандық мамандардың жетіспеушілігіне байланысты Зияткерлік мектептерді дамытудың  бастапқы кезеңдерінде қажет.  Одан әрі кадр құрамы сапасының өсуіне орай шетелдік мұғалімдерді кәсіби деңгейі жоғары қазақстандық  мұғалімдермен ауыстыру жүргізіледі


Қаралым: 17336
Жарияланған: 10 Сәуір