Халықаралық

Ғаламшардың дарынды балалары


 2011  жылдың  8-12  желтоқсан  аралығында  Швейцарияның Луцерн қаласында «Ғаламшардың  дарынды балалары» бағдарламасы бойынша V Халықаралық ғылыми рейтинг  олимпиадасы  өтті.  Олимпиаданың басты мақсаты – физика, математика, информатика, экология, химия, биология, тарих, мәдениеттану, тіл, экономика  ғылымдары  бойынша  қызығушылықтары  бар  дарынды  оқушыларды  іріктеу,  таңдау  және оларға қолдау  көрсету. Осыған ұқсас зияткерлік сайыстар дәстүрлі түрде Еуропалық Даму Орталығы «Эврика» (ЕЕСД) және Швейцария оқу орындары мен Дарынды Балалардың Халықаралық Одағы (IAGC) көмегімен өтеді. Ұйымдар дарынды балаларды әлемнің барлық мемлекеттерінен шақырады. Қазылар алқасы және Олимпиаданың  сарапшылар кеңесіне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуропадағы әйгілі ғалым, педагог мамандар кіреді. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 33 оқушы қатысты. Семей қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 қатысушысы өздерін  лайықты ұстап, жоғары марапаттарға ие болды.

         І орындарды алғандар: «Ақпараттарды наносфераға буып-түю» жобасымен Иса Исамар, «Электр магниттік зеңбірек» жобасымен Бейсекенов Ильдар, «Геометриялық есептерді  шығаруда қолданбалы құралдардың пайдалануының мүмкіндігі» жобасымен Қадыржанова Гүлфия, «Алаш қайраткері Шахан Мусинның антисоветтік шығармалары» жобасымен Мәденова Еркежан және «Ластанған су қоймасын гидродинамикалық әдісі арқылы тазарту» жобасымен Қуанышбек Әлибек ІІ орынға ие болды.

«Информатика» секциясында  Иса Исамардың (ғылыми жетекшісі -  Семей қаласындағы Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Беркова Виктория Николаевна) зерттеу жұмысы ақпараттарды наносфераға буып-түю мүмкіндіктеріне арналған. Наносфера – нуклеотид пен алтын нанобөлшектердің бір шынжырының шиыршығы. Шиыршықтың орамы әр 50 нуклеотид біріктіретін бір алтынның бөлшегінен тұрады, ол шынжырдың біртектес өрісін келтіреді. Демек,  ақпарат иесінің  өрісі сияқты ДНК-ның пайдалану мүмкіндігі болады. Зерттеу мақсатында  ақпараттарды жаңа иесіне жазу алгоритімін құрау, ақпараттарды ДНК-ға сақтау ерекшелігін зерттеу, ақпараттарды ДНК негізінде жасанды жазуы және жұмыстың қорытынды ретінде  алынған ақпараттардың көлемі бойынша наносфераның параметрін есептеу үшін  С+ бағдарламаны жазу. «Техника» деген секцияда Бейсекенов Ильдар (ғылыми жетекшілер - СМПИ физика-математика кафедрасының оқытушысы Павлов Игорь Владимирович пен Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Сенина Наталья Ивановна) «Электр магнитті зеңбірек» деген жобасымен шықты. Өз жұмысында Ильдар электр магниттік зеңбірек келешегі бар қарудың бір түрі және қазіргі әскерді қаруландырудың басымдығына әсер етеді, сонымен қатар бұл электр магниттік қаруды бейбіт мақсатта да пайдалануға мүмкіндік  береді. Мысалы, ғарыштық зеңбірек ретінде де, сонымен қатар пайдалы қазбалар мен метро салуда қажетті қару ретінде де пайдалануға болады.

Қадыржанова Гүлфия өз жобасында геометриялық есептерді  шығаруда қолданбалы құралдардың пайдалануының мүмкіндігін зерттеді. Зерттеу үшін шешілмейтін есептер алынған. Гүлфия тек түрлі есептің шығару әдістерін қана зерттеген жоқ, сонымен бірге ол қолданбалы құралдарды құрастырды және жоғары аталған есептердің шығару шартында механикалық құралдарды пайдалану мүмкіндігін   қарастырды. Мәденова Еркежан «Алаш қайраткері Шахан Мусинның антисоветтік шығармалары» жобасының негізіне  1936-1937 ж. НКВД-ның Алаш қайраткері Шахан Мусинға мұрағатта сақталған айыптау құжаттарын және беймәлім қалған антисоветтік өлеңдерін алды.

Алаш тарихына қатысты дарынды ақынның өмірі мен шығармашылық қызметінде бізге беймәлім «ақтаңдақтар» көп. Еркежанның  жобасында алғашқы рет шығармаларға  ғылыми-зерттеу талдауы әрекеттенді. 1936-1937 жылдардағы НКВД құжаттары негізінде жан-жақты қарастырылып айтылды. Мысалы: тың ғылыми деректер ретінде алашшыл ақынның арап қаріпімен жазылған бір топ өлеңдері және олардың кейбіреуінің орысша аудармалары, фотосуреттер, НКВД органдарының айыптау құжаттары тиімді пайдаланылды. Қуанышбек Алибек «Ластанған су қоймасын гидродинамикалық әдісі арқылы тазарту» жобасысында иірім құбылысына теориялық және экспериментальді зерттеу жүргізді, арнайы құралған құрылыс арқылы мұнаймен ластанған суды тазарту экспериментті көрнекі түрде көрсете  білді.

Жеңімпаздар халықаралық І, ІІ дәрежеделі дипломдармен марапатталды және халықаралық сертификатқа  ие  болды. Инновациялық идеяларын  жүзеге  асыруда жоғарыда  есімдері  аталған қатысушыларымызға табыс тілейміз! Дарынды  жас  ұрпақтың  алға қойған  мақсаттарына  өз  армандары  жеткізеді  деген  сенімдемін!                                                                                                


Қаралым: 3719
Жарияланған: 29 Желтоқсан