Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


       2019 жылғы 28 тамыз күні Білім және ғылым Министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

      Республикалық комиссия отырысының нәтижесі бойынша Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2019-2020 оқу жылында
7 сыныптан бастап білім алатын резервтік тізімдердегі 414 үміткерге «Өркен» білім беру гранты тағайындалды.

       Грант иегерлері.

 

 


Қаралым: 58
Жарияланған: 09 Қырқүйек