Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


 

2019 жылғы 14 наурыз күні Білім және ғылым Министрі Шәмшидинова Куляш Ноғатайқызының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия мүшелері 2018-2019 оқу жылында 7 сыныптан бастап Ақтау, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Орал, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Өскемен қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алуға резервтік тізімде тұрған 40 үміткердің құжаттарын қарастырды.

Республикалық комиссия шешімімен 40 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталды.

Грант иегерлерінің тізімін жүктеу


Қаралым: 2661
Жарияланған: 04 Сәуір