Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2018 жылғы 11 мамырда Министр Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия отырысында екі сұрақ қарастырылды.  

Бірінші сұрақ бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі 7 сыныптарында білім алуға резервтік тізімде тұрған үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалды.

Бірінші сұрақты қарастыру нәтижесінде 52 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанды.

Екінші сұрақ бойынша Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018-2019 оқу жылында оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына 14 795 үміткер қатысты. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына 9 144 үміткер жіберілді.

Екінші сұрақты қарастыру нәтижесінде 2018-2019 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін 2 066 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, 7 078 үміткер келесі оқу жылына жарамды болатын резервтік тізімге бекітілді. Бос орындар жоқ.

Грант иегерлерінің тізімі жүктеу

Үміткерлердің резевтік тізімі жүктеу


Қаралым: 3609
Жарияланған: 17 Мамыр