Элективтік курстар

Элективтік курстар


 Білім беру қызметтерін ұсынудың жоғары сапасына және Зияткерлік мектептер қызметінің тиімділігіне қол жеткізу үшін 2012 жылы балаларды қолдау жөнінде арнаулы іс-шаралар өткізілді. Елімізде және шетелде физика, математика, химия, биология, сондай-ақ ағылшын тілі (тілдік курстар) бойынша элективті курстарды ұйымдастыру солардың біреуі болып табылады. Элективті курстар Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2010 жылдан бастап енгізілген. Оларға 500 астам оқушылар қатысты.    

 Олимпиадаларда, жарыстарда, ғылыми жобаларда жетістіктері бар оқушылар, оқуда оң серпін көрсеткен оқушылар шетелдік және отандық оқу орындарындағы элективті курстарда пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігіне ие болды. 

Элективті курстарды таңдау кезінде өзектілігі және оқушылар үшін жаңашылдығы деңгейіне, дәлелденген және дамыған әлеуетіне назар аударылды. Бағдарламалардың мазмұны оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, эмоционалдық дамуына ықпал етеді, белсенді оқу әдістерін кеңінен пайдалануды, заманауи білім беру технологияларына бағдарлануды пайымдайды.

Элективті курстар мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

–       оқушының өзін-өзі анықтауына және одан әрі кәсіби қызметін таңдауына ықпал етеді;

–       жоспарланып отырған бейінде оқытудың жағымды уәждемесін жасауға;

–       оқушыларды осы бейін үшін жетекші қызмет түрлерімен таныстыру;

–       оқушылардың танымдық қызметін жандандыру;

–       оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілігін арттыру.

Элективті курстар Қазақстан, Ресей, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ және тағы басқа мемлекеттердің үздік білім орталықтары мен кәсіпорындарының базасында өткізіледі: Колмогоров ат. СУНЦ, Джонс Хопкинс Университеті Талантты Жастар Орталығы (CTY), The Bell Educational Services Ltd, International House Belfast Ltd, В.Н. Чаломей ат. Халықаралық ғарыш мектебі, FIF Technologies LLP, Ұлыбритания Корольдік институты,          «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдинг» АҚ, Қазақ Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты.  

2013 жылға арналған жоспарлар бойынша элективті курстарды ел ішінде және шетелде жүргізудің санын ұлғайту, қолданыстағы Зияткерлік мектептердің базасында Жазғы тілдік мектептерді өткізу, Жазғы тілдік мектептердегі жұмыс үшін Зияткерлік мектептердің мұғалімдерін оқыту бойынша тренингтер өткізу.


Қаралым: 22769