Оқушылардың жетістіктері

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының жеңісі

2015 жылы наурыз айының 13-18 аралығында Орал қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІV кезеңі өтті. Республикалық олимпиадаға біздің мектебіміздің оқушылары да қатысқан болатын. Математика пәні бойынша 8-сынып оқушысы Пак Артур; 11-сынып оқушылары Ким Дмитрий, Пак Георгий, Жумажанов Дастан; Физика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Дикун Дмитрий, 11-сынып оқушысы Рудич Игорь; Информатика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Козлов Андрей; Биология пәні бойынша 9-сынып оқушылары Калачева Надежда, Адылхан Арай; Химия пәні бойынша 9-сынып оқушысы Моргунов Антон; 12-сынып оқушысы Шахман Дінмұхамед қатысты.

«Өнерім-өмірім»

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Өнерім-өмірім» атты Республикалық вокалды-хореографиялық байқау өтті. Байқаудың мақсаты...

Робототехника бойынша II Республикалық олимпиада жеңімпаздары

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Сартбаев Ратмир, Талғат Бек, Алексеев Анатолий және робототехника пәнінің мұғалімі Авдюнин Николайдың жетекшілігімен WRO – 2015 робототехника бойынша Республикалық...

«Балауса белесі» жыр жинағы жарық көрді

Ақындық өнер талант пен шабыттың тамаша үйлесуімен туатын ерекше өнер. Бүгінде жастардың ақындық өнерге, шығармашылыққа, білімге деген ынталары зор. Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында қазақ өлеңінің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген жастардың бірі, мектебіміздің түлегі, әлеуметтік жобалардың белсенді мүшесі, «Википедия» клубының бірінші Президенті, жас ақын Құдайберген Дәулеткерей Көптілеуұлының «Балауса белесі» атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Мұндай рәсім біздің мектебіміздің тарихында алғаш рет болып отыр. Жинаққа ақынның 100-ге жуық өлеңі енді.

Жас ғалымдардың ІХ Республикалық «Экология бойынша бизнес жоба» сайысында Гран-при

2015 жылы 13 және 14 мамырда Алматы қаласында өткен Жас ғалымдардың ІХ Республикалық бизнес жобалары сайысында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 «B» сынып оқушысы Ашим Диана «Экологиялық туризм және туған өлке тарихы» тақырыбындағы жобасымен «Ең үздік инновациялық жоба» ретінде танылып, осы сайыста Гран-при сыйлығын жеңіп алды.