Оқушылардың жетістіктері

Аатотұрақтың жаңа үлгісі


Аймағымызда халық саны артқан сайын, автокөліктер де көбейе түсуде. Бұл өз кезегінде тұрақ орындарының тапшылығына әкеп соғуда. 14 жасар Владимир Коряк әр тұрғын үй алаңында роботтандырылған көлік тұрақтарын салу арқылы тұрақ мәселесін шешіп қана қоймай, автокөліктерге лық толы аулалар санын да азайтуды қарастырған.


«Жобаның идеясы бойынша жүргізуші жылжымалы платформа бекетіне келіп тұрады да, мотор қозғалтқышын сөндіріп, машинадан шығады, мұнан кейін құлтемір-тұрақ иесі машинаның орнын алмастырып, бекеттің керекті бөлімшесіне апарып жеткізеді»,-деп баяндайды жас өнертапқыш.

Жобаның басты жетістігі – көлік тұрағы толықтай автоматтандырылған және іс жүзінде адам көмегінсіз жұмыс жасайды. Владимир тіпті ғажайып бекеттің макетін Lego Mindstormsev3 базасында құрастырып, халықаралық роботтық техникалар көрмесінде таныстырылымын жасамақ ниетте екен. «Біз құрылғыны қайта қарап, тағы да бірқатар қызметтер қосқымыз келеді. Сонымен қатар жобаны патенттеп, қала құрылысымен айналысатын лауазымды тұлғаларға өз ұсынысымызбен шығуды жоспарлап отырмыз»,-дейді жоба жетекшісі Серік Ахметов.

Осыған ұқсас көлік тұрақтары Ресей мен Жапонияда болғаныменен, әзірше Қазақстанда әлі жоқ. Роботтық техника үйірмесінде балалар ондаған түрлі жобаларды құрастырып шығарады. Мұнда адымдап жүре алатын құлтемір және өздігімен табалдырыққа шыға алатын машиналар да бар.


Қаралым: 1801
Жарияланған: 05 Сәуір