Оқушылардың жетістіктері

Математика – ғылымдар патшасы


Астана, Алматы, Қостанай және Талдықорған қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетінің базасында «Жібек жолы» және қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық Халықаралық олимпиадаларына қатысты.

Олимпиада наурыздың 7-8 аралығында Алматы қаласында өтті. Аталған олимпиадалардың мақсаты математика ғылымы бойынша дарынды оқушыларды анықтап, біліктіліктерін дамыту, оларға қолдау көрсету.


Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен  12-сынып оқушылары Пак Георгий, Жұмажанов Дастан, 9-сынып оқушысы Пак Артур  қатысты. «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиада және қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша  Пак Георгий ІІІ дәрежелі екі дипломның иегері атанды, ал Пак Артур жақсы нәтиже көрсетіп, қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиада бойынша ІІІ дәрежелі дипломның иегері атанды.

«Аталған олимпиадаларға бірінші рет қатыстым. «Жібек жолы» бойынша халықаралық олимпиаданың тапсырмалары Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиада тапсырмаларына қарағанда әлдеқайда қиын болды. Маған механикалық жолмен шешуге болатын ойландыратын тапсырмалар ұнайды және мен үшін есептің нәтижесі маңызды. Өз біліктілігімді тексеріп, бойымдағы кемшіліктерімді ескере келе, мен үздік те тәжірибелі болуға ұмтыламын» - деп, өз пікірімен бөлісті 12 сынып оқушысы Пак Георгий. 


Қаралым: 1741
Жарияланған: 31 Наурыз