Тараз қ. физика-математика бағытындағы мектебі

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 04 шілдесінде ашылды. Жамбыл өңірінде ашылған Назарбаев Зияткерлік мектебі оқу үрдісіне инновацияны енгізу және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін негіз болады. Ол үшін онда барлық жағдайлар жасалған.

Тараз қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеу үшін мұғалімдерді конкурстық іріктеу 2012 жылғы қараша мен 2013 жылғы маусымда өтті. Оған Тараз, Алматы, Атырау қалалары мен Жамбыл облысынан 300-ге жуық үздік педагог кадр қатысты. Конкурстық комиссия 143 кандидатты ұсынды, олардың ішінде 91 педагог қызметкер өз қызметтеріне осы жылдың қыркүйегінде кірісетін болады (71 пән мұғалімі, 13 куратор, 7 тәрбиелеуші), 52 адам резервке алынды. Кандидаттары арасында Назарбаев Университетінде жылдық курстан өткендер, 48 мұғалім Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 3-деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен.  

Тараз қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқушыларды конкурстық  іріктеу қазақ және орыс тілдерінде оқитын 8, 9, 10 - сыныптарға 2013 жылғы қаңтарда өткізілді. Конкурстық іріктеудің екі кезеңінің қорытындысы бойынша 472 үміткер Зияткерлік мектепте оқу үшін "Өркен" білім беру грантының иегері атанды. 22 – 23 маусымда Cito (Нидерланды) және CTY (АҚШ) стратегиялық серіктестермен бірлесіп әзірленген 2013-2014 оқу жылында 7-сыныптарда оқу үшін жаңа жүйе бойынша балаларды конкурстық іріктеу өткізілді.

Мектеп жеке жоба бойынша салынып, 720 адамға есептелген. Жатын бөлігінде облыс аудандарынан келген балалар тұратын 120 орындық жатақхана орналасқан. Оқу блогында 58 оқу кабинеті бар, оның ішінде 18-і тіл кабинеттері, 5 кабинет физика және химия пәндеріне, 9 кабинет математикаға арналған, 4 биология кабинеті, география кабинеті, тарих, экология және т.б. кабинеттер бар. Сонымен қатар мектепте жеке сабақ беру, техникалық моделдеу, өнер, психологиялық жүктеме, педагогикалық және ақпараттық технологиялар аудиториялары мен бірқатар әмбебап кабинеттер мен баяндама залдары көзделген.

Мектеп білім алуға көмегі тиіп қана қоймай, сонымен қатар оқу процестеріне басшылық жасауға мүмкіндік беретін жаңа компьютерлік жүйелермен, мультимедиялық кабинеттермен, жабдықталған жоғары өндірістік электронды-есептеу машиналармен, интерактивтік электронды тақталармен, жоғары жылдамдықты интернетпен, инновациялық бағдарламалық құралдармен жабдықталған.

Оқушыларды дамыту үшін мектепте зияткерлік тетіктерді моделдеу, Лего элементтерінен роботтар жинау, қарапайым бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бағдарламалау және роботтардың "өмірін" бақылау мүмкіндігімен робот техникасының зертханасы жұмыс істейді. Нанотехнологиялар зертханасы оқушыларды космонавтика және медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысына оқушыларды тартуға мүмкіндік береді. Зертханалар PASCO және PHYWE сияқты брендтермен ынтымақтастықта Қазақстанның, Ресейдің, Ұлыбританияның, Германияның және АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жабдығымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Арай 2, Домалақ Ана көшесі, 266

Телефон: 8 (7262) 99 98 55

Веб-сайт: trz.nis.edu.kz


Қаралым: 29919