Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Жаңалықтар

Мұрағат

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 25 ақпанынан бастап өз жұмысын бастады. 2014 жылдың 1 ақпанына бастап жалпы оқушылар саны – 594 оқушы. Зияткерлік мектептің негізгі мақсаты - сапалы біліммен қамтамасыз ету, оқу үдерісіне инновацияны енгізу, педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру.

Мектеп ғимараты 720 оқушыға арналған, 3 қабатты 6 бөліктен (блок) тұрады. Мектепте оқушыларды тәулік бойы үш мезгілде тамақтандыруға арналған 360 орындық мектеп асханасы жұмыс істейді. Мектеп ғимараты бірнеше бөліктерге бөлінген: оқу, лабараториялық және тілдер кабинеттері, жатын бөлмелері т.б.  Шалғай облыс, аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орындық жатақхана  қарастырылған.

Оқу кабинеттері 65, оның ішінде: 18 тіл, 6 химия-биология, 9 математика, 6 физика, нанотехнология және биотехнология, робототехника, информатика, география, тарих, экономика кабинеттері бар. Барлық кабинеттер интербелсенді тақталармен, ноутбук-компьютерлерімен жабдықталған. Сонымен қатар, оқушылардың бейімділігін арттыру мақсатында жеке оқу кабинеттері, техникалық модельдеу, өнер технологиясы, психологиялық кабинет, ақпараттық технологиялар және ұстаздарға педагогикалық бірігу орталықтары мен лекция залдары  қарастырылған. 

Жас ізденушілерге зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін кеңейтілген лабараториялық физика, химия, биология, нанотехнология, роботтехникасы кабинеттеріне жаңадан құрал-жабдықтар алынған. Ұстаздар мен жас ізденушілер Қазақстанның, Ресейдің, Ұлыбританияның, Америка құрама штаттарының, Германияның алдыңғы қатарлы құрал-жабдық жасаушы әлемдік брендтегі PASKO, PHIWE компанияларыларының  мамандарымен тығыз жұмыс жасайды, жаңа құрал-жабдықтармен біргелікте өз тәжірибелерін бөліседі.

Мәдени іс-шараларды өткізу үшін кеңейтілген әмбебап 360 орындық мәжіліс залы бар. Бұл мәжіліс залының ерекшелігі көрермендер орындықтары жиналған жағдайда зал кәсіби хореографиялық би алаңына айналады.

Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасы Шымкент қаласындағы мектептерге алтын қоры бола алады. Себебі мұнда оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, классикалық және отандық көркем әдеби шығармалардың, үлкен қоры бар. Сонымен қатар кітапхана зерттеу ісімен шұғылданатын, мәліметтерді талдап түйіндейтін оқушылардың ақпараттық орталығы бола алады.

Спорттық үйірмелер мен дене шынықтыру сабақтарын жүргізу үшін үлкен және кіші спорт залы, тренажерлық жаттығу залы, футбол, баскетбол, волейбол ойын  алаңдары бар. Келешекте бұл алаңдарда әр түрлі спорттық жарыстар мен конкурстар, қалалық біріншіліктер өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, оқушылар төмендегі оқу үйірмелеріне қатыса алады: би үйірмесі, ән айту, гимнастика, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, робот техникасы, үйдегі химия, линзалар кереметі (чудеса через линзу), әйнек қолтаңбасы өнері (роспись по стеклу), дизайн және модельдеу, жас режиссерлар, өсімдіктер әлемі (флористика), техникалық шығармашылық, ағылшын тілінен IELTS  және әр түрлі халықаралық емтихандар тапсыруға дайындайтын түрлі элективті курстар бар.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Шымкент қаласы аумағындағы  өз мамандығының шеберлері, білікті педагогикалық кадрлар конкурстық негізде іріктеліп алынды. Оған қоса мектепке химия, биология, математика, физика, информатика, өнер, жаһандық даму және ізденістер, ағылшын тілі пәндері бойынша 16 жетекші шет елдік мамандар шақырылып, кіріктірілген сабақтар өтуде.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  бүгінгі таңда 223 маман жұмыс істеуде. Оның ішінде  педагог кадрлар (мұғалімдер, сынып жетекшілер, тәрбиешілер) –103. Оның ішінде пән мұғалімдері – 80. Барлық ұстаздар жоғары білімді. Оның ішінде қазақ тілінде – 40, орыс тілінде - 22, ағылшын тілінде (шетел мұғалімдерді есептемегенде) – 18 ұстаз сабақ береді.

Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а, 1-А.

Телефон: 8 (7252) 42 51 70, 8 (7252) 42 50 96

E-mail: info.hbshm@nis.edu.kz  

Баспасөз қызметі: Асанова Жазира Канатовна zh.assanova@gmail.com            


Қаралым: 14510