Қарағанды қ. химия-биология бағытындағы мектебі

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


 2013 жылдың 01 ақпанында Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Бұл - Мемлекет басшысының бастамасымен ашылған сегізінші Зияткерлік мектеп болды. Білім нысанының ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев қатысты.

 2012 жылдың 02 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылыс алаңында болғанын атап өту керек. Елбасы аймақтағы білім беру сапасын арттыруға септігін тигізіп, ғылым мен инновацияның дамуына жағдай жасайтын жаңа нысанды аралап көрді.

Аталмыш мектеп - үш қабат, он төрт блоктан тұратын 720 орындық нысан. Толық күн тәртібінде білім беруге арналған. Білім беру мекемесінде 62 оқу бөлмесі, физика, химия және биология пәндеріне арналған үш кеңейтілген зертханасы бар. Оқу бөлмелері мен зертханалар отандық және Ресей, Ұлыбритания, Германия мен АҚШ оқу құралдарымен және жиһаздарымен жабдықталған. Аймақтардан келген оқушылар үшін 120 жатын орындақ жатақхана тұрғызылған. Дене шынықтыру пәніне арналған спорт секциялары, екі спорт залы, тренажер залы, футбол алаңы, жүгіру жолдары, спорт алаңдары қарастырылған. Мәдени-танымдық шаралар мен  бос уақытты ұйымдастыруға арналған 350 орындық акт залы бар. Мектепте үлкен кітапхана, заман талабына сай медиатека, ақпараттық орталық жұмыс істейді. Оқушылардың тамақтануын 360 орындық асхана қамтамасыз етеді.  

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдерді қызметке қабылдаудың бірнеше конкурстық іріктелер жүргізілді. Оларға тек Қарағанды қаласынан ғана емес, сонымен қатар Теміртау, Саран, Шахтинскіден барлығы 300 астам үміткер қатысты. Іріктеу кезеңдрінің  қорытындысы бойынша, конкурстық комиссия пән мұғалімдерін, сонымен қатар 2011-2012 жылдары Назарбаев Университетінде оқудан өткен 100 мұғалімнің қатарындағы ағылшын тілі пәнінің мамандарын (PDP) Зияткерлік мектепте жұмыс істеуге лайық деп ұсынды.

Мекен жайымыз: Қарағанды қаласы, Кеншілер даңғ., 62  

Қабылдау бөлмесі: 8 (7212) 55 88 80

Электрондық поштамыз: [email protected] 


Қаралым: 27258
Жарияланған: 06 Сәуір