Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


2010 жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласындағы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларға өз есігін ашты.

2011 жылдың 12 шілдесінде Астана қаласындағы химия- биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін Халықаралық Бакалавриатқа авторизациялау туралы шешім қабылданды. Халықаралық Бакалавриат (ХБ) шеңберінде оқушыларға икемдеп берілуіне байланысты химия- биологиялық бейін қысқартылып, мектептің аты Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі болып өзгертілді. Бұл - Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде ХБ авторизациялауға жұмыс жүргізіп жатқан бірден- бір мектеп.

2011 жылдың 21 қыркүйегінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Халықаралық Бакалавриат Ұйымы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

 2011 жылдың қыркүйегінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Дипломдық бағдарламаны авторизациялау үшін «кандидат-мектеп» мәртебесі берілді. Бүгінгі таңда Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың (International Baccalaureate) Дипломдық бағдарламасын (Diploma Progamme)  авторизациялау үстінде.

2016 жылы Астана қаласындағы Зияткерлік мектебі халықаралық аккредитация алуға үміткер мектептерге қойылатын жағдайлар мен талаптардың барлығын орындап, командалық сапарды сәтті өткізіп, Council of International Schools (Нидерланд) халықаралық аккредитациясына ие болды. Аталмыш куәлік мектептің жоғары сапалы білім қызметтерін көрсетуіне кепілдік береді.

Халықаралық Бакалавриат - іс-әрекетінің негізгі бағыттары оқу бағдарламасын дайындау, оқушылар жетістігін бағалау, мұғалімдер біліктілігін жетілдіру,  мектептерді авторизациялау мен олардың жұмысын бағалау болып табылатын халықаралық үкіметтік емес білім беру ұйымы.

Халықаралық Бакалавриаттың бағдарламалары 35 жылдан астам жоғары сапалы білім көрсететін бағдарламалар абыройына ие екенін атап өтпекпіз. ХБ  дипломын әлемнің 102 мемлекетінің 1300-ден аса университеті мойындаған. Соның ішінде Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Йель, Сорбонна, Лондон экономикалық мектебі сынды әлемге белгілі мектептер де бар. Халықаралық Бакалавриатта миллионға жуық оқушылар оқиды.

ХБ-тың білім беру жүйесі оқыту үрдісіне оң көзқарасты дамытуға бағытталған. ХБ оқушылары күрделі сұрақтар қоя білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға үйренеді.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған заманға сай зертханалар мен интерактивті мультимедиялық кабинеттермен, ғаламторға шығу ноутбуктермен толық қамтылған. Мектептің кітапхана қоры үш тілдегі сапалы оқу жүйесі үшін материалдық- техникалық базамен және ресурстармен жабдықталған. Мектепте мәжіліс және салтанат залы, спорт, гимнастика, тренажер залдары, би залы, футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңы, жүгіру жолы жұмыс істейді.  

Мектептің оқытушылар құрамы жергілікті, сондай-ақ шетел мұғалімдерінен құрылады. Ұстаздар өз дағдыларын жетілдіру үшін жүйелі түрде Швейцария, Норвегия, Англия, Италия, Ирландия, Швеция, Сингапур, Россия сынды мемлекеттерде біліктілік жетілдіру курстарынан өтеді. Сапалы білім беру саласында тәжірибе алмасу үшін жүйелі түрде бүкіләлемдік белгілі университеттер мен мектептерден келген қонақтардың қатысуымен семинарлар жүргізіледі.

Мектебімізде дебат клубы, актерлік шеберлік мектебі (ағылшын тілінде), графика және дизайн, «Жетістік академиясы» психологиялық клубы, кітаптар клубы (ағылшын тілінде), футбол, шахмат, көркем- эстетикалық шығармашылық, күрес, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, вокал мектебі, би студиясы сынды түрлі үйірмелер мен секциялар белсенді жұмыс істейді.

Мектепте IELTS, TOEFL, SAT1, SAT2, SET сынды халықаралық емтихандарға үлкен назар аударылады.

Мектеп аптасына алты күн толық күн тәртібінде жұмыс істейді,  үш мезгіл тамақтану, балалардың денсаулығына балалар дәрігерінің (педиатр) бақылау жүргізуі қарастырылған.

Мектептің мекен-жайы: Астана қ, №31 көшесі 35 (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары қиылысы)

 Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 55 80 33

 Электрондық пошта: [email protected]  

 Веб-сайт: nisa.edu.kz


Қаралым: 33723
Жарияланған: 05 Сәуір