Қостанай қ. физика-математика бағытындағы мектебі

Қостанай қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


Қостанай қаласындағы физика-математика бағытандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2014 жылдың 12 желтоқсанында ашылды. Бұл - Мемлекет басшысының бастамасымен ашылған республикамыздағы он жетінші Зияткерлік мектеп.

Зияткерлік мектептер жоғары зияткерлік қабілеті бар азаматтарды тәрбиелеуге, оқушыларды икемді, жан-жақты дамуға дайын, шығармашылық қабілеті жоғары сын тұрғысынан ойлайтын азамат ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Зияткерлік мектептер Кембридж университетінің эксперттерімен бірлесе құрастырылған жаратылыстану-математикалық бағыттағы Кіріктірілген Білім беру бағдарламасын іске асырады. Физика және математика пәндерінің тереңдетіліп оқытылуымен қатар гуманитарлық пәндер мен тілдерді игеруге көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың пәндерді үш тілде меңгеруіне мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, оқушылардың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған.

Мектепте 7-12 сынып аралығында оқушылар оқытылады, олар үшін пән мұғалімдері мен қатар АҚШ, Ұлыбритания, ОАР, Австралиядан халықаралық мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтары, педагог-психологтар, ұйымдастырушы-педагог-кураторлар, мұғалімдердің ассистенттері, тәрбиешілер оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда. 

Мектеп толық күн тәртібінде сағат 08.00-ден ден кешкі сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Мектептің оқыту үдерісі оқушылардың оқу бағдарламаларын жоғары дәрижеде игеруіне және оқушылармен тәрбие жұмыс атқаруға көзделген. Оқушылар кітапханада және физика, химия, биология, нанотехнология, робототехника саласының ауқымды зертханаларында білім алуларына мүмкіндіктері зор.

Сабақтары аяқталған соң оқушылардың түрлі бағыттардағы студияларға қатысуларына мүмкіндіктері бар. Олар: «Вокал студиясы», «Ағылшын тілінде театр студиясы», «Телестудия», «Журналистика», «Өзін-өзі тану» клубтары, баскетбол, волейбол секциялары, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат үйірмелері, таңдау курстары мен факультативтер. Сонымен қатар мектеп өмірін қызықты әрі мазмұнды ететін «Туған елге тағзым», «Зияткерлік мектеп оқушысының 100 міндетті оқылатын кітаптары», «Қазақстанның 100 патриоттық әндері», «2 апта ауылда», «Қамқорлық», «Мейірімділік жаса» жобалары, «Менің есімде, мен мақтанамын», «Жасыл мектеп» акциялары, конкурстар, көрмелер, жарыстар, ғалымдармен кездесулер, халықаралық мұғалімдермен жұмыс.

Алыс аудандардан келіп білім алатын балалардың 120 орындық жайлы жатақханада тұруына мүмкіндіктері бар. Жаңа мектеп ғимаратының спорт-сауықтыру блогында тренажер залы, психологиялық кабинет бар. Ақпараттық блогта кітапхана, медиатека, оқу залы орналасқан.   

Мектептің мекен-жайы: Қостанай қаласы, Гагарин к-сі, 239 үй.
Тел.: 8 (7142) 999-747

Веб-сайт: kst.nis.edu.kz


Қаралым: 11316
Жарияланған: 18 Наурыз