«Wikipedia» клубы

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «Wikipedia» клубы


 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Wikipedia деп аталатын жаһандық жоба желісіне қосылды.Бұл дегеніміз Зияткерлік мектеп оқушылары әлемдегі онлайн контентті қалыптастырушылармен бір қатарда интернет-энциклопедияны өз қолдарымен толтырады. Википедиа дүниежүзіндегі №5-ші веб-сайт. Ол әлемдегі таңдаулы он сайттың ішіндегі жалғыз коммерциялық емес ресурс.

Қазақша Википедиадағы мақалалар саны соңғы бір жарым жылдың ішінде 7 мыңнан 200 мыңға дейін көбейіп, ай сайын қаралатын беттердің саны 10 млн-ға жетті. Бұл энциклопедиядағы мақалалар қолданушылардың қолымен жазылады. Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында Википедияны кеңінен пайдалану тарап келеді.         

Жоба «WikiBilim» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Зияткерлік мектеп оқушыларын Википедиаға мақала жазуға дағдылау арқылы оларды шығармашылық жұмыс пен ғылыми ізденіске баулып, интеллектуалдық шыншылдық пен жауапкершілік принциптерімен, ақпараттық технологиялар және жаңа медиалармен жақынырақ таныстыру көзделіп отыр. 


Қаралым: 13936
Жарияланған: 17 Сәуір