2016

VI Наурыз кездесулерінің өткізілуі туралы Ақпарат


 

        2016 жылдың наурыз айының 22-сі мен 26-сы аралығында «Ғылым. Технология. Инжиниринг. Математика» тақырыбында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған VI Наурыз кездесулері өткізілді.

        Наурыз кездесулері -  Зияткерлік мектеп тәжірибесі аясында жалпы білім беретін және Зияткерлік мектеп  оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту және жаратылыстану ғылымдары  бойынша білімді терең игеруге тарту мақсатында жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара.

         Аталған шараға республиканың жалпы білім беретін және Зияткерлік мектептерінен  160  оқушы шақырылды.

       Кездесудің ашылу салтанатында шетелдік және қазақстандық ғалымдар сөз сөйледі. Олар «STEM» тақырыбындағы үздік ғылыми шоу көрсетті. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Silicon Valley Innovation Centre базасындағы «Ойлау дизайны» элективті курсында оқыған 4 оқушысы «Кремний алабы» (Тналиев Шынболат Орал қаласы, Нұрбаев Қанат Талдықорған қаласы, Ботантай Анар Қызылорда қаласы, Кубашова Айнур) жобаларын ұсынып, жаңашыл ойларымен бөлісті.

      Осы кездесу аясында  Зияткерлік мектеп оқушыларының жаңашыл идеядағы жоба жұмыстары төрт секцияда өтті.

1.   « EXPO-2017: Баламалы энергияның көздері»;

2.   «STEM идеялар: инновациялық ойлау, жаңа технологиялар, креативтіліктің дамуы»;

3.   «Мүмкін емес физикасы»

4.   «Өмірді өзгертетін технологиялар».

Зияткерлік мектептердің оқушыларынан қорғауға  барлығы 53 жоба жұмысы ұсынылды.

Құрамы Астана қаласындағы ЖОО - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университет ғалымдарынан тұратын дербес әділқазы жоба жұмыстарын бағалады.

Екі күн барысында ғалымдар:

-         Акилбекова Дана, биофизика және биоматериалдар саласының PhD, Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері;

-         Кумалаков Болатжан, PhD, Назарбаев Университеті профессор ассистенті;

-         Мектепбаева Дамель, биоматехнология саласының магистрі, Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері;

-         Уапов Бағдат, «Bolashak Engineering» директоры;

-         Дэвид Потер, Ұлыбританияның Патшалық институтының PGCE бағдарлама докторы;

-         Тобиас Хаппе, «Физикатен» ғылыми тобының мүшесі, Германия;

-         Джангхун Чой,  профессор,«Korea STEAM» білім беру моделін зерттеу тобының жетекшісі, Оңтүстік Корея;

-         Ресей Федерациясының «Артғылым», «Мүмкін емес физикасы» орталығының қызметкерлері- Абдулгазизов Эмиль және Карев Антон 8 лекторийларда ғылыми тәжірибелерді демонстрациялау арқылы шеберлік сабақтарын өткізді:

1.   «Инжиниринг»;

2.   «Электоромоторлар»;

3.   «Медицина»;

4.    «Биотехнология»;

5.   «STEАM-білім»;

6.   «Мүмкін емес физикасы»;

7.   «Молекулалық физика»;

8.   «Математиканың жаңа бағыттары»

 

Бірінші күннің соңында «Ғылым кеші» өтті, онда оқушылар алдын - ала 16 топқа бөлініп, ғылымға қатысты тапсырмалар алды. Оқушылардың ғылыми білімдері «Ғылым кешінде» қатысушылардың қойған сұрағына жауап беруге көмектесті. 

         2016 жылдың 23 наурызында Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы  кітапханасының басшылығымен бірлесіп Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы кітапханасы базасында ҮІ Наурыз кездесулерінің жалғасы  ұйымдастырылды. 

Кездесуге қатысушылар «Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жоба аясында  кітапхананың интерактивті оқыту кешенінде курстан өтті. Курс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының  Тәуелсіз Қазақстан тарихы, Республиканың қалыптасуы  мен дамуы туралы идеясы мен ұсынысына арналды.

         Үздік жоба авторлары жобаларын презентациялады. Барлық балаларға арналып кітапханада экскурсия ұйымдастырылып, Ұлт Көшбасшысы туралы деректі фильм көрсетілді.

Қазақстан Еңбек Ері, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ Басқармасының төрағасы, халықаралық деңгейдегі кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы Юрий Пямен мотивациялық кездесу қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.

ҮІ Наурыз кездесулерінің нәтижесі бойынша 1,2,3 дәрежелі диплом иегерлері анықталды. Қатысушылардың барлығына сертификат және смартфондар берілді. 

1 дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

1.   Әбіләкім Елнұр 10 - сынып, Алматы ФМБ;

2.   Тельжанов Асхат 12 - сынып, Тараз ФМБ;

3.   Болекбай Алихан 12 - сынып, Тараз ФМБ;

4.   Еламан Султан 7- сынып, Тараз ФМБ;

5.   Маметкулов Максим 10 - сынып, Қарағанды ХББ;

 

2 дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

1.Сәрсенбек Әсел 11- сынып, Ақтау ХББ;

2.Палтуева Саадат 11- сынып, Алматы ХББ;

3.Тұрсынғалиева Ажар 11- сынып, Алматы ХББ;

4.Ерболат Дияс 10- сынып, Өскемен

5.Смагулова  Элина 9 - сынып, Қрағанды ХББ;

6.Шутилина Ольга 9 - сынып, Қарағанды ХББ;

7.Жуманалиева Айгерім 9 - сынып, Көкшетау ФМБ;

8. Ильясов Олжас 9 - сынып, Көкшетау ФМБ;

 

3 дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

1.   Ким Анастасия 10- сынып, Астана МБ;

2.   Жиренова Жамиля 10- сынып, Астана МБ;

3.   Погребицская Шахана 10- сынып, Көкшетау ФМБ;

4.   Аркулов Раухат 10- сынып, Қостанай ФМБ;

5.   Адильбек Абылайхан 10- сынып, Қостанай ФМБ;

6.   Тургумбаев Нурлан 10- сынып, Петропавлск ХББ;

7.   Муратов Фарит 9 -сынып, Петропавлск ХББ;

8.   Бұғыбай Асылбек 10- сынып, Орал ФМБ;

9.   Қалиева Сабия 10- сынып, Ақтөбе ФМБ;

10.Бекболат Жансая 10- сынып, Ақтөбе ФМБ


Қаралым: 8993
Жарияланған: 29 Наурыз