Наурыз кездесулері

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде III Наурыз кездесулері ашылды!



Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде III Наурыз кездесулері ашылды!

 

         2013 жылғы 28 және 29 наурызда Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ІІІ Наурыз кездесулер өтіп жатыр. 28 наурызда сағат 09.00-де Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің акт залында салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Осы жерде сіздер Наурыз кездесулері Кунделігінің 2 күнімен таныса аласыздар. 

 

      Естеріңізге сала кетейік, бұл дәстүрлі ғылым күндерін жыл сайын оқушылардың білімін тереңдету, қызығушылығын арттыру, зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, ғылымға жетелеу және өзін-өзі кәсіби анықтауын дамыту мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруда. Алғашқы кездесу физикаға, өткен жылы химия мен биологияға арналған болатын. 2013 жылғы ІІІ Наурыз кездесулерінің тақырыбы – «Ақпараттық технологиялар».

 


Қаралым: 13616
Жарияланған: 30 Наурыз