Жасөспірімдер олимпиадасы

Жасөспірімдер олимпиадасы


 2012 жылдың 26 сәуірінде Астана қаласында жаратылыстану ғылымдары бойынша ІV Халықаралық юниорлар олимпиадасы өтті.  

Қазақстан мен Тәжікстан республикаларының 15 жасқа дейінгі 300-ден астам оқушылары жаратылыстану ғылымдары бойынша ІV Халықаралық юниорлар олимпиадасына қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 сәуірде Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Міне, осымен төртінші жыл қатарынан юниорлар арасындағы олимпиада Қазақстан мен ТМД елдерінің түрлі қиырларынан ең дарынды және қабілетті  балалардың басын қосуда. Балаларға және олардың бастапқы қадамдарына ересек жолбастаушылары - ғалымдар, педагогтар мен білім саласындағы  танымал сарапшылар қолдау көрсетті.

Олимпиаданың ашылу салтанаты астаналық Назарбаев Зияткерлік мектебінің акт залында өтті. Балаларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымының орынбасары Руслан Жәменков құттықтады. Оның сөзіне қарағанда олимпаданы өткізу тарихында 15 жасқа дейінгі 300-ден астам оқушы өздерін зияткерлік қауымдастықтық өкілі ретінде сезініп, өз жетістіктері мен өз замандастарының табыстарын салыстыруға, ғылыми жарыстың рухын сезінуге мүмкіндік алды. «Юниорлар олимпиадасы - бұл тек қана жарыс емес, сонымен бірге ол оқушылар өз білімдерін тәжірибеде сынап көретін, ақпаратты сараптап, командамен жұмыс істейтін тамаша білім беру процесі», - деп атап өтті Руслан Жәменков,  жас қатысушыларға тапсырмаларды орындауда табыстар мен жарыста жеңіс тілей отырып.

Олимпиада үш күнге созылды. Чемпион атағы үшін Қазақстанның 14 облысынан, Алматы мен Астана қалаларынан 21 команда бақ сынады. Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған және Өскемен  қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Олимпиаданың тұрақты қатысушылары болып табылады. Әрбір топ үш адамнан тұрды. Конкурстың екі кезеңінде балалар химия, биология және физика пәндері бойынша өздерінің білімдері мен тәжірибелік қабілеттерін дәлелдеді. Олимпиада тапсырмалары Қазақстан Республикасының беделді ғалымдарынан құралған Ғылыми комитет тарапынан әзірленді. Комитет қатысушылар мен процесс жетекшілерінің өзара іс-қимылын үйлестірді. Ғылыми комитеттің Төрағасы Қазақстан Республикасы жоғары ғылымдары Академиясының толық мүшесі, халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор-Қазбек Сүлейменұлы Бақтыбеков. 

«Юниорлық олимпиада өткізу - бұл айтулы оқиға. Мен мұны 10 жылдан кейін біздің балалар ержетіп, өздерін халықаралық ғылыми конкурстардың лауреаттары ретінде танымал ететін ғылыми жаңалықтарға қарай жасалған алғашқы қадам деп бағалаймын. Олардың есімдері тек қазақстандықтарға ғана емес, бүкіл әлемге танылатын болады», - деді Қазбек Сүлейменұлы. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған қортындылар бойынша олимпиада жеңімпаздарын анықтады. Зияткерлік сайыстың нәтижесі бойынша жүлдегерлер Алтын, Күміс және Қола медальдармен марапатталатын болады. «Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы», «Олимпаданың абсолютті жеңіпаз Командасы», «Үздік тәжірибе жасаған команда» аталымдары бойынша арнайы жүлделер тағайындалды.

«Біз Тәжікстаннан Астанаға жеңіске деген үлкен ынтамен және Алтын медаль аламыз деген үмітпен келдік. Бірақ, біз бәсекелестіктің үлкен екенін, мықты мектептердің өте көп екендігін түсінеміз. Бұл олимпиада біз үшін үлкен жауапкершілік, өйткені біз тек өзіміздің ғана емес, еліміздің намысын қорғауға келдік», - дейді Душанбе қаласындағы Президенттік мектептің 8 -сынып оқушысы Равно Джуракулова.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша ІV Халықаралық юниорлар олимпиадасының жеңімпаздары мен лауреаттарының есімдері Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жабылу салтанатында белгілі болды.


Қаралым: 12579
Жарияланған: 09 Сәуір