Bookcrossing

«Вookсrossing» желілік әлеуметтік акциясы


 «Вookсrossing» желілік әлеуметтік акциясы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісінде 2010 жылдан бастау алады. Ең алғаш рет аталған акция Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілді.  

Вookсrossing – бұл Назарбаев Зияткерлік мектептерінен ауылдағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханасына кітап саяхаты. Әр алуан кітаптар мен оқу құралдарын, сөздіктер мен басқа да қажетке жарар пайдалы әдебиетті ауылдағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына Зияткерлік мектеп оқушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымының қызметкерлері тарту етеді.

Аталған кітап саяхаты – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі дәстүрлерінің бірі. Сондай-ақ, акция барысында оқушы өзіне ұнаған бір кітапты алып, орнына екі кітап әкеледі. Кітаптың ішіне оқушы аталған кітап туралы пікірін жазып қалдырады. Кітап саяхатшысының сөресі әрқашан кітапқа толы.

2012 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне орай, «Вookсrossing» ауқымды акциясы ұйымдастырылуының үлкен мәні бар.  Зияткерлік мектептер оқушылары жақын маңдағы ауылдарға барып, өз өнерлерін көрсетіп, өз құрбы-құрдастарына кітаптар, қызықты энциклопедиялар, анықтамалықтарды, көркем, ғылыми-танымдық фильмдермен СD таспаларды тарту етті.  


Қаралым: 11352
Жарияланған: 17 Сәуір