Семинарлар мен курстар

"Зияткерлік мектеп кітапханасының педагог-кітапханшылары PISA мен кітап оқудың өзара байланысындағы зерттеулер" тақырыбында өз біліктіліктерін жетілдірді.

2016 жылдың 23-25 ақпан аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кітапханашылар мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «PISA мен кітап оқудың өзара байланысындағы зерттеулер нәтижесінде кітапхананы тәжірибеде қолдану» тақырыбында Оңтүстік Корея елінің кітапхана саласының сарапшы мамандарының қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

«IASL-2015» мектеп кітапханаларының халықаралық Ассоциациясының форумынан

2015 жылдың 28 маусым 2 шілде аралығында Маастрихт қаласында (Нидерланды) 30 мемлекеттен мектеп кітапханаларының халықаралық Ассоциациясының жыл сайынғы «IASL-2015» конференциясына білім беру саласының педагог кітапханашылар мамандары, мектеп кітапханалары ассоциациясының жетекшілері, ұлттық университеттердің кітапхана мамандықтарының оқытушылары әдіскерлері қатысты.

«IASL-2014» халықаралық мектеп кітапханаларының ассоциациясының дүниежүзілік форумына қатысу туралы

2014 жылдың 25-30 тамызында Мәскеу қаласында әлемнің 22 елінің делегациясы қатысқан «IASL-2014» халықаралық мектеп кітапханалары ассоциациясының дүниежүзілік форумына Зияткерлік мектеп кітапханашылары да қатысты. Форумға жалпы білім беру мекемелерінің кітапханашылары, оқулық және мектеп бағдарламаларының авторлары қатысты.

«Ақпараттық сауаттылықты дамыту» семинары

2015 жылдың 17-20 ақпанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кітапханашылар және интернат қызметкерлеріне арналған «Ақпараттық сауаттылықты дамыту» тақырыбында Оңтүстік Корея елінің кітапхана саласының мамандарының қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапхана мамандарының біліктілік арттыру курсына қатысуы туралы ақпарат

2014 жылдың 10-16 қарашасында Назарбаев Зияткерлік мектептердің кітапхана мамандары Хямеэнлинна қаласындағы ХАМК қолданбалы ғылымдар университеті базасында (Финляндия) «Кітапхана және өмір бойы білім алу» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтті