Семинарлар мен курстар

«Ақпараттық кеңістікте оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытудағы мектеп кітапханасының рөлі» семинарынан ақпарат


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен, 2015 жылдың 14-16 қыркүйегінде Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Малайзия кітапхана ісі саласындағы халықаралық сарапшы Дилжит Сингхтың қатысуымен кітапхана қызметкерлері және жатақхана меңгерушілері мен тәрбиешілеріне арналған «Ақпараттық кеңістікте оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытудағы мектеп кітапханасының рөлі» атты семинар өтті.

Семинар мақсаты – оқушылардың ақпараттық және функционалды сауаттылығын арттыруда кітапхананың маңызы мен рөлін анықтау, кітапханашылар мен жатақхана тәрбиешілерінің оқу мен сауаттылықты дамытуда атқаратын жұмысының мазмұнын анықтау және жоспарлау.

 Екі күн семинарда халықаралық сарапшы Д.Сингх онлайн-вебинар түрінде өткізіп, ақпараттық сауаттылық, кітапхананың оқушылар үшін маңызы, кітапханашының рөлі жөнінде мәселелер қозғады. Сондай-ақ кітапхана мен жатақхана жұмысын біріктіре отырып, оқушыларға жағдай жасау мәселесі талқыланды, кітап оқуды насихаттау, оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажет дағдыларды дамыту, пән мұғалімдермен бірлесе жұмыс жасаудың әдістері айтылды. Семинардың үшінші күні Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау және Алматы қалаларындағы Зияткерлік мектеп кітапханаларының қызметкерлері кітап оқуды насихаттайтын «Кітапты тап», «Географиялық круиз», «Үнсіз аукцион» ойындар ұйымдастырып, қызықты кітап желісі бойынша түрлі түсті қағаздан қалпақ жасалып, ұлттық өнерді насихаттайтын, киізден бұйымдар жасаудың әдістері көрсетілді. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды және семинардан алған білім, дағды, тәжірибелер алдағы уақытта кітапхана, жатақхана жұмысына енгізіледі деп жоспарланды.  

Қаралым: 1822
Жарияланған: 30 Наурыз