Семинарлар мен курстар

IFLA-2017 Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресіне қатысу

IFLA-2017 Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі биыл 120-дан астам елдің мыңдаған кітапханашыларын Польшадағы Вроцлав қаласына жинады. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог-кітапханашылары кітапханалар мен ақпараттық қызметтер саласындағы ең ірі кәсіби іс-шарасына қатысты.

Зияткерлік мектептердің кітапхана мамандары «IASL-2017» халықаралық конференциясына қатысып қайтты

2017 жылдың 4-8 тамызында АҚШ, Калифорния штаты, Лонг-Бич қаласындағы Калифорния мемлекеттік университетінің базасында IASL-2017 мектеп кітапханасы саласын зерттеу аясындағы 19-шы халықаралық форум және 46-шы жыл сайынғы мектеп кітапханашыларының халықаралық ассоциациясының конференциясына Зияткерлік мектептердің педагог-кітапханашы мамандары қатысып қайтты. Конференцияға әлемнің 100-ден астам кітапханашы мамандары, ЖОО оқытушылары, кітапхана саласындағы сарапшылар, ғалым, профессорлар, ЖОО мен колледждердің оқытушылары, кітапхана ресурстарымен жұмыс жасайтын мамандар қатысты.

«Кітапхана мүмкіндіктерін кеңейту - мектепте медиа оқыту және ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету»

2017 жылдың 20-25 шілде аралығында FIF Technologies LLP (Сингапур) білім беру орталығы базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог-кітапханашыларына арналған «Кітапхана мүмкіндіктерін кеңейту - мектепте медиа оқыту және ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Назарбаев Зияткерлік мектептері педагог-кітапханашыларының біліктілігін арттыру курсынан ақпарат

«Оқушылардың шығармашылық және интеллектуалды дамуын қалыптастыруда оқу сауаттылығы дағдыларын жетілдіру» атты Назарбаев Зияткерлік мектептері педагог-кітапханашыларының біліктілігін арттыру курсынан ақпарат

«Ақпараттық кеңістікте оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытудағы мектеп кітапханасының рөлі» семинарынан ақпарат

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен, 2015 жылдың 14-16 қыркүйегінде Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Малайзия кітапхана ісі саласындағы халықаралық сарапшы Дилжит Сингхтың қатысуымен кітапхана қызметкерлері және жатақхана меңгерушілері мен тәрбиешілеріне арналған «Ақпараттық кеңістікте оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытудағы мектеп кітапханасының рөлі» атты семинар өтті.